Аудан әкімі мешітке автокөлік сыйлады

Аудан әкімі мешітке автокөлік сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Мәуліт айында жұма күні аудандық «Қаратау» мешіт үлкен сыйға ие болды. Ауданымызға арнайы келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қары Жұмабаев мырза салихалы уағыз айтып, имамдық етуімен қасиетті жұма намазы өтелгеннен кейін Талас аудан әкімі Рымтаев Досан Тасболатұлы мешітімізге жеңіл автокөлік «Daewoo Nexia» машинасының кілтін табыс етті. Сондай-ақ, осы бір елдің рухын асқақтатқан сәтте қуанышқа ортақ болған ҚМДБ-ның Жамбыл обылысының өкіл имамы мен сол қуаныштың себепкері аудан әкіміне жамағат атынан ақ сақал аталарымыз бен ақ жаулықты апаларымыз шынайы алғыстарын білдірілді. Әлбетте, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміз үшін, асыл дініміз үшін жасап жатқан қамқорлық істерінен ғибрат алып, ауданның діни ахуалын өркендетуге қолқабыс жасаған аудан әкіміне Алла разы болсын!

-Қасиетті Мәуліт айында жұма күні мұндай сыйға ие болып отырған Сіздердің қуаныштарыңызға ортақпыз. Бұған дейін де имамдарымыз Алланың жолында қызмет етіп келді, дегенмен, көліктің жоқтығы көптеген ауқымды жұмыстарға кедергісін келтіретін. Енді міне, су жаңа көлікпен ел алдындағы, дәстүрлі ислам жолындағы қызметтерін жалғастыратын болады. Жергілікті әкімдіктің мұндай мырзалығын қастерлі дінімізге деген ықыласы деп түсінеміз,-деді Данияр қажы Жұмабаев.

Мешіттеріміз дәстүрлі дінімізді насихаттау мен жастардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, барлық игілікті істерге басы қасында жүрген Талас ауданымыздың бас имамы Н.Алиевке аудан жұртшылығы атынан Алланың рахымына бөленсін деп тілейміз! Дініміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әмин.

 

ҚМДБ-ның ЖО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: