Қордай ауданы Қарасу ауылындағы мәулід мерекесінің аталып өтуі

Қордай ауданы Қарасу ауылындағы мәулід мерекесінің аталып өтуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем  мұсылмандары  дүркіретіп  атап  өтіп  жатқан  мәуліт  мерекесі  Қордай  жерінде де өз жалғасын табуда. Олай дейтініміз, Қордай жерінің Қарасу елді мекенінде орналасқан  «Әл-Хадий» мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтті. Мүбарак мерекеге Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, Қарасу ауылының әкімі  М.Күзербаев, аудандық мешіттің алқа мүшелері Б.Байтөле, А.Омаров, ауыл ақсақалдары және шәкірттер қатысты. Ә.Шалбай мерекелік дастархан  басында  пайғамбар өмірі жайлы уағыз айтып, жамағатты толғандырса, ақсақалдар өнегелі сөздерімен ойландырды. Ардақты елшіге (с.ғ.с)  мәулід оқылып, ақсақалдар ақ батасымен тәмамдады. Аллаға мадақ, Баршамызға өнеге болған сүйікті елші Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с) салауаттар болсын.

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: