Елі кең, Жері Кен Мойынқұмдағы Мәуліт

Елі кең, Жері Кен Мойынқұмдағы Мәуліт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде өзге елдердегі сияқты соңғы жылдарда екі дүниенің сәруары, бүкіл әлемге рақым етіп жіберілген, Алла тағаланың сүйікті әрі соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған күнін атап өту үрдіске айналуда. Мемлекетімізде жергілікті мешіттерде, үлкен зәулім сарайларда ғибраты мол Мәуліт кеші аталып өтуде.

Соның бірі Жамбыл облысының көлемі жағынан жартысын алып жатқан, елі кең-жері кен қасиетті Мойынқұм жерінде де аталып өтті.

Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің үлкен залында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) – ның туылған күніне байланысты «Қош келдің Мәуліт» атты Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде болды.

Аталған іс-шараны еліміздің шырайлы Шымкент қаласынан арнайы келген «Асыл мұра» өнер орталығының жетекшісі Бекзат Сәкенұлы жүргізіп отырды. Мәуліт мерекесін аудандық мешіт шәкірті 8сынып оқушысы Алыпбаев Дуланның Қасиетті Құран аятын оқуменен басталып  басында ақ жаулықты апаларымыз шашу шашып, көпшілікті мерекелерімен құттықтады.

Алғаш сөз имандылық кешке арнайы келіп қатысып қонақ болған, аудан әкімі Болат Мәдікеновке беріліп, ол Ислам дінінің тазалығы, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) –ның көркем мінез иесі болғандығы жөнінде жиналған көпшілікке айтып, айтулы меркемен жамағатты құттықтады.

Келесі сөзде Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы мен Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлына беріліп, қос имам жақсылыққа жиналған жамағатқа тартымды да тәрбиелі уағыз айтып, Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) –ға салауаттар айтты. Аудан имамы имандылық кешке арнайы шақырылған аудан әкімі Б.Мәдікеновке және Шу ауданының бас имамы А.Дыбысұлына алғысын білдірді.

Содан кейін «Асыл мұра» өнер орталығының қыз-жігіттерінің ұйымдастыруымен дінге байланысты  қоғамда болып жатқан түрлі кері әрекетті, сахналық көрініспен сомдап берді.

Қойылған көріністен тіпті залдың алдында отырған ақ жаулықты апаларымыз көздің жасын сығып алды.

Сахнаның бір шетінде интерактивті тақта арқылы бірнеше сүрелердің аяттары және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері слайд түрінде көрсетіліп тұрды.

«Жалғыз ұлын жаман жолға түсірген әке» туралы көрініс пен «Садақа беруші жомарт пен сараң бай туралы» бизнесменнің күйреуі сынды көріністер жиналған жамағаттың рухани азық алуларына үлкен септігін тигізді.

 

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм таңы» 

газетінің тілшісі  Талғат Сарыбаев

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: