Бұл кітапшада мәзһаб ұстанудың қажеттілігі мен артықшылықтары жан-жақты түсіндіріледі. Кітапша жалпы мұсылман қауымға арналады.
- Мәзһаб ұстанбай-ақ қойсақ бола ма?
- Сахих хадистер тұрғанда мәзһабтарға қандай қажеттілік бар?
- Неліктен Әбу Ханифа кейбір сахих хадистермен амал етпеген? Әбу Ханифаның «сахих хадис көрсеңдер, сол менің мәзһабым» деген сөзі бар емес пе?
- Бір мәселеде түрлі пікірлердің болуының қандай пайдасы бар?
- Кейбір мұсылмандар: «Намазда «Фатиха» сүресінен кейін «Әминді» іштен айтуға байланысты Ханафи мәзһабының оңды дәлелі жоқ. Ең дұрысы «жария» айту» деп уағыздап жүр. Осы дұрыс па?
- Ханафи мәзһабында намазда екі қолды тек алғашқы тәкбірде ғана көтереді. Ал бұл пайғамбарымыздың (с.а.у.) Абдулла ибн Омардан риуаят етілген сахих хадиске қайшы емес пе?
- Қазіргі таңда кейбір топтар «Тарауих намазын жиырма рәкат оқу дұрыс емес, Алла елшісі (с.а.у.) тарауих намазын сегіз рәкаттан артық оқымаған» деген пікірді ел арасында жайып жүр. Тіпті, абақтыда отырған намаз оқитындардың арасында осы үшін үлкен тарт
- Жұқа шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?
- Төрт мәзһаб ғұламалары шұлыққа мәсіх тартуға байланысты не дейді?
- Келіннің үлкендерге «сәлем салу» үрдісінің Жаратқанға серік қосуға жатып- жатпайтындығын нақты шариғи дәлелдермен айқындап берсеңіз?