Ханафи мәзһабында намазда екі қолды тек алғашқы тәкбірде ғана көтереді. Ал бұл пайғамбарымыздың (с.а.у.) Абдулла ибн Омардан риуаят етілген сахих хадиске қайшы емес пе?
Намазда екі қолдың тек алғашқы тәкбірде ғана көтерілетіндігіне байланысты ханафи мәзхабының мынандай дәйекті дәлелі бар:
للها لوِسُرَةَلَصَمكُبِيلِّصَأُلَأَلاَقَهُنأَّللهادِبعَنْإعَةَمَقَلْإعَنْإعَ ْإ ْإ
ةًدَحاِو ةًرم لَّإِهِيدَيعفَري ملَفىلصفَّملسوَّهِيلَعَللها ىلصَّ ََّ ْإَْإْإَْإ َ ْإ
Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ ибн Мәсғуд): «Мен сендерге Алла елшісінің на-
мазын оқып көрсетейін бе?, - деп намаз оқыды. Намазда екі қолын бір-ақ рет көтерді». Бұл ха-
дис Насайиде келтірілген. Дәрежесі сахих. Және бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы жеткізген жеткізушілердің бәрі Бу-хари мен Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы да Ахмадтың «Муснадында» келген. Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан қайтқанда қол көтерілетіндігіне байланысты басқа сахих хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы ең көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді. Ол Пайғамбарымыздың жанынан үнемі шықпайтын, сондай-ақ, қолды рүкүғқа бара жатқанда және қайтқанда көтерілетіндігіне байланысты сахих хадисті риуаят еткен Абдуллаһ Ибн Омардың өзі іс жүзінде намазда бір-ақ рет қол көтергендігі са-хих жолмен жеткен. Ендеше, ханафи мәзһабындағы хадисті жеткізген адамның хадисін емес, ісін негізге алу ережесі бойынша да қолдар алғашқы тәкбірде ғана көтеріледі.