Мәзһаб ұстану - ынтымағымыздың кепілі.

Жұқа шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда кейбір жастар дәреттің төрт парызының бірі саналатын «аяқты жууға» жеңіл қарап, жаз болсын, қыс болсын жұқа шұлыққа мәсіх тарта салуды әдетке айналдырып, тіпті өзгелерді де осыған уағыздап жүр. Дәлел ретінде Муғира ибн Шуъбадан риуаят етілген:

ملسوَّهِيلَعَللها ىلصَّيبِنلاَّأضوتَّلاَقَةَبعشُنِبةِريغِملاْإنْإعَ َ ْإ ُّ َْإْإَُ نِيلَعنلاوَّنِيبروجَلاْإىلَعَحسم و

ْإْإ ْإََْإ ََََ

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алды және екі шұлығына және аяқ киіміне (наъл - аяқ киімнің тәбішке секілді тобықтан төмен келетін жеңіл түрі)

мәсіх тартты» деген хадисті келтіреді. Алайда бұл хадис көптеген хадис ғалымдары бойынша «сахих» емес. Әбу Дәуід, ән-Нәсаий секілді хадис ғалымдары

бұл хадисті «әлсіз» деген. әт-Тирмизидің хадис жинағына «Тухфатул-ахуази» атты кең түсіндірме жазған Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдур -Рахим да жоғарыдағы хадисті және пайғамбарымыз (с.а. у.) шұлыққа мәсіх тартты деген басқа үш хадистің де түгелдей «әлсіз» екенін білдірген. Негізінде Муғира ибн Шуъбадан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шұлыққа емес, мәсіге мәсіх тартқандығы дұрыс жолмен риу-аят етілген35. Имам ән-Нәуауий жоғарыдағы хадис жайлы былай дейді: «Бұл хадис - әлсіз. Көптеген Хафыз ғалымдар әлсіз деген. әл-Бәйһақи бұл хадисті «мүнкәр» дей отырып Суфиян әс-Сәури, Абдур-Рахман ибн Мәһди және Ахмад ибн Ханбал, Али ибн әл-Мәдини, Иахия ибн Мағин, Муслим ибн Хажжаж секілді мәшһүр хадис ғалымдарының да «әлсіз» деп бағалағанын жеткізді36. Әт-Тирмизи бұл хадисті «хасан-сахих» деп бағалағанымен жоғарыда аты аталған хадис ғалымдарының деңгейі одан жоғары деп есептеледі. Тіпті ілім иелерінің келісілген пікірі бойынша бұл ғалымдардың қай-қайсысы да әт-Тирмизиден (хадис ілімінде) жоғары. Екіншіден, хадисті «сахих» деп қа

былдағанның өзінде басқа қайшы дәлелдермен үйлестіріп дұрыс түсіну үшін онда айтылған «шұлықты» (аяқ киімсіз) жүруге жарайтын шұлық деп жорамалдау қажет. Себебі, хадисте жалпылай шұлықтың барлық

  • 35 Муслим ибн Хажжаж, Сахих Муслим, 1-том, 229-бет. «Дәру Ихиа'ит-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
  • 36 Мәғрифатус-сунан уәл-әәсаар лил-Бәйһақи, 1-том, 349-бет. «Дәрул-кутубил-илмия» баспасы, Бәйрут.

түрін білдіретін сөз жоқ37. Үшіншіден, әл-Бәйһақи (кітабында ) ұстаз Әбул-Уәлид ән-Нәйсабуридің бы-лай дегенін жеткізді: Бұл хадистегі шұлық - жеке шұлық және жеке аяқ киім емес, асты терімен қапталған шұлық. Яғни , хадисті: «Пайғамбарымыз екі шұлығына және аяқ киіміне мәсіх тартты » деп емес, «табаны терімен қапталған екі шұлыққа мәсіх тартты» деп түсіну қажет. әл-Бәйһақи Әнас ибн Мәликтің де хадиске байланысты осы мағынаны меңзейтін сөзін жеткізді»38.

Тіпті, имам әт-Тирмизидің өзі аталмыш хадистегі шұлықты жай жұқа шұлық деп емес, «қалың байпақ» деп түсінген. Оған дәлеліміз, Имам әт-Тирмизи жоғарыдағы хадисті келтіргеннен кейін былай дейді:

«Суфиян әс-Сәури, Ибн Мүбәрак, Шафиғи, Ахмад және Исхақ сияқты көптеген ғылым иелері: «Наъл

(тәпішке тәрізді жеңіл түрі) болмаса да қалың шұлыққа39 мәсіх тартуға болады»40.

«Жұқа шұлыққа мәсіх тартуға» болады дейтіндердің дәлел ретінде келтіріп жүрген жоғарыдағы Муғира

  • 37 Жалпылай барлық шұлықты білдіретін сөз жоқ деуі - Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Шұлыққа мәсіх тартыңдар» деген әлсіз де болса, ешбір хадисі жоқ. Бар болғаны Муғира ибн Шуъбаның «пайғамбарымыз шұлығына және тәбішкесіне мәсіх тартты деген» оқиғаны баяндау сөзі ғана.

Ал мұндай түрлі жорамалдауға болатын әрі бірнеше ықтималға жүкті оқиғаларды баяндау - Усулул-фиқһ ілімінде жалпылықты білдірмейді. Себебі баяндауда қолданған сөздер мен оқиғаны бағалау - баяндаушының көзқарсына тікелей қатысты.

  • 38 Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 1-том, 566-бет. «Дәрул-

фикр», Бәйрут, 1997 ж.

  • 39 әт-Тирмизи жинағының «Тухфатул-ахуази» атты түсіндірмесінде әт-Тирмизидің: «Наъл» болмаса да деген сөзімен - табаны терімен қапталған шұлық болмаса да» деп айтқысы келгендігі жазылған. (Тухфатул-әхуази Шарху жамиъит-тирмизи, 398-бет, 1-том, «Байтул-

афкарид-даулия» баспасы).

  • 40 Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 1-том, 167-

бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.

ибн Шуъбадан риуаят етілген хадисті түйіндер болсақ:

Біріншіден, хадис - Муслим ибн Хажжаж41 сияқты көптеген мәшһүр хадис ғалымдарының пікірінше,

«әлсіз».

Екіншіден, хадисті дәлел ретінде қабылдағанның өзінде онда айтылған шұлық жұқа емес, қалың шұлық. Тіпті хадисті «хасан-сахих» деп бағалаған әт-Тирмизидің өзі осылай түсінген.

Үшіншіден, Әбул-Уәлид ән-Нәйсабури сынды кейбір ғұламалар хадисте айтылған «екі шұлығына және аяқ киіміне мәсіх тартты» дегенді шұлығына жеке, аяқ киіміне жеке мәсіх тартты деп емес, «та-

баны терімен қапталған шұлыққа» мәсіх тартты деп түсінген.

Төртіншіден, хадисте тек шұлыққа ғана мәсіх тартты делінбеген, шұлықпен бірге тәпішкесіне (аяқ киімнің тобықтан төмен жеңіл түрі) де мәсіх тартты делінген. Осының өзі аталмыш хадистің тек шұлыққа мәсіх тартудың дұрыстығына дәлел бола алмайтынын білдіреді.

Ендеше, Құранда «аяқтарыңды жуыңдар» деп әмір етілген дәреттің төрт парызының бірі саналатын «аяқ жууды» - хадис ілімінің көптеген ғалымдары «әлсіз» санаған, тіпті, дәлел ретінде қабылдағанның өзінде әртүрлі түсінуге әрі жорамалдауға болатын күмәнді хадиспен айырбастауға болмайды. Төрт мәзһаб ғұламаларының ешқайсысы «жұқа шұлыққа

мәсіх тартуға болады»- деп пәтуа бермеген. Яғни, бұл мәселеде ғұламалар арасында «ижмағ» бар.

  • 41 Сунанул-Бәйһақил-кубра,1-том, 284-бет. «Мәктабату Дарил-Бәз» баспасы, Мекке, 1994 ж.