Әуелі, Әбу Ханифа хадис ілімін жете меңгерген заманының шоқтығы биік ғалымы екенін ұмытпауымыз қажет. Бұл жайлы хадис ілімінің сұлтаны әл-Бухаридің шейхы саналатын Йа-
хия ибн Адам: «Нұғман (Әбу Ханифа) өлкесіндегі
- 6 «Ниса» сүресі, 43-аят.
7 «Маида» сүресі, 90-аят.
барлық хадистерді жинады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қандай нәрсе алынса да, ақырына дейін зерттейтін», - десе, Әл-Бухаридің рауилерінен Ха-
сан ибн Салих: «Әбу Ханифа насих пен мәнсұхты
өте жақсы зерттеген, әрі куфалықтардың ара-сында хадистерді ең жақсы меңгерген, сондай-ақ, көпшілік жамағаттың ұйыған нәрселерін берік ұстанатын және өлкесіне жеткен барлық хади-стер мен әсәрларды жаттайтын адам еді»8, - деп Әбу Ханифаның хадис ғылымындағы ерекше орнын айтқан.
Ал енді оның кейбір сахих хадистермен амал етпеуіне келер болсақ, ханафи мәзһабында әр сахих хадис дәлелге жатпайды. Яғни, сахих хадистердің өзі арнайы шарттар арқылы ғана дәлелге саналады. Осы шарттардың кейбіреуін бірер мысал бере отырып түсіндірмес бұрын мына терминдерге түсінік бере кетейік:
Сахих хадис - «әділет (тақуалық пен адамгершілік қасиеттер) және дабт (жақсы есте сақтау мен терең түсінік) сипаттарына ие кісілердің үзілмеген шежіре бойынша риуаят еткен және шәзз бен міндерден аман хадистері;
Мутауатир хадис - әдейі немесе білместіктен жалған ақпаратта бірігулері мүмкін емес бір үлкен жамағаттың, екінші бір сондай жамағатқа риуаят ет-кен хабары;
Ахад хадис - мутауатир хадисте талап етілген көлемге жетпейтін аз ғана кісілердің риуаят еткен хабары.
- 8 Исмайл Хаккы Унал, Имам Әбу Ханифенің хадис анлайышы ве ханафи мезһебинин хадис методы, 56-57 бет. «Дианет ишлери башканлыгы иайынлары», Анкара, 1994 ж.
Ханафи мәзһабында сахих хадистердің қабылдану шарттарының кейбірі мынандай:
Бірінші шарт:
«Ахад» жолмен жеткен сахих хадистің дәлелге са-налуы үшін ондай хадистің Құранның және мутауа-тир хадистердің жалпылықты білдіретін үкімдеріне қайшы келмеуі керек. Яғни, «ахад» жолмен жеткен сахих хадис - Құранның, яки, басқа «мутауатир» са-хих хадистердің білдірген үкімдерінің жалпылығын (ъамм) кейбір жағдайларға байланысты жалқылай (тахсис) алмайды.
Мысалы, Құранда: «Сөзсіз намаз мүміндерге
арнайы белгіленген уақыттарда (оқылуы) парыз етілді»9, - деп, әрбір намаздың жеке уақытының бар екендігі білдірілген. Сондай-ақ, көптеген мутауатир сахих хадистерде де әр намаздың жеке уақытының бар екендігі әрі әрқайсысының белгіленген өз уақытында оқылуы керектігі жайлы айтылған. Яғни, Құранда да, мутауатир хадистерде де әр намаздың жеке уақытының бар екендігі білдірілген. Ал енді осы үкімнің жалпылығын, яғни әр намаздың жеке уақытта оқылуының парыздығын жолаушылық секілді кейбір жағдайларға байланысты өзгерту үшін өте қуатты дәлел керек. Дәлел ретінде қолданылатын хадистің тек қана сахих болуы жеткіліксіз. Себебі, ахад жол-мен жеткен сахих хадис «занни» болғандықтан өте аз болса да шүбә бар. Ал мутауатирде тозаңдай күмән жоқ. Сондықтан, мутауатир жолмен бекітілген жал-пы үкімді ахад жолмен жеткен хадистер арқылы өзгертуге болмайды. Міне, сондықтан Ханафи мәзһабында сапар кезінде екі намазды қосып оқуға рұқсат етілмейді. Себебі, сапар кезінде намаздарды
9 «Ниса» сүресі, 103-бет.
қосып оқудың болатындығын білдірген хадис - сахих болғанымен, ахад жолымен жеткен. Яғни, мутауатир емес. Осыған байланысты ханафи ғұламалары сапар кезінде екі намазды қосып оқудың болатындығын білдіріп келген сахих хадисті Құран мен мутауатир хадистердің жалпы үкіміне сай етіп жорамалдаған. Мысалы, хадистегі бесін мен екінді намаздарының қосылып оқылуын - бесінді өз уақытының соңғы сәтінде, ал екінді намазын алғашқы уақытында оқыды деп жорамал жасаған. Яғни, хадистегі қосып оқу - сырттай қосып оқуға жатқанымен, шын мәнінде, қосып оқуға саналмайды деп тұжырым жасаған.
Ханафи мәзһабында қажылық кезінде Арафатта бесін мен екінді намаздарын, Муздалифада ақшам мен құптан намаздарын қосып оқу сүннет. Өйткені пайғамбарымыздың (с.а.у.) Арафатта және Музда-лифада аталмыш намаздарды қосып оқығандығын
білдіретін хадистер мутауатирге жақын жолмен жет-кен.
Міне, сондықтан, «Ханафи мәзһабында неліктен екі намазды қосып оқуға болмайды? Сахих хадис тұр ғой. Демек, Әбу Ханифа бұл сахих хадисті білмеген»,- деп асығыс үкім беру қате. Себебі, Әбу Ханифаның мұндай үкімге баруы - сахих хадисті білмегендігінен емес, керісінше, «Құран немесе му-
тауатир хадистермен дәлелденген жалпы үкімдерді ахад хадистермен жалқылауға (тахсис) болмай-
ды» деген үкім шығарудағы қатаң ұстанымында жатыр. Яғни, Әбу Ханифа Құран немесе мутауатир хадистердің білдірген үкімдерін «занни» (өте аз да болса күмәнға ие) дәлелдермен өзгертпеу үшін ахад хадистерге сахих болса да аса сақтықпен қараған.
Екінші шарт:
Ахад жолмен жеткен сахих хадистің дәлелге сана-
луы үшін оны жеткізген кісі өзі риуаят еткен хадиске қайшы амал етпеуі қажет. Мысалы, сахих хадисті ри-уаят еткен сахаба егер өзі жеткізген хадиске қарама-қайшы әрекет етер болса, ондай жағдайда Ханафи мәзһабы бойынша оның жеткізген хадисі емес, ама-лы негізге алынады. Себебі, хадисті жеткізушінің өзі жеткізген хадис бойынша емес, басқаша амал етуі - ол хадистің үкімінің мәнсұх болғандығынан болуы әбден ықтимал. Олай болмағанда, жеткізушінің өзі риуаят еткен хадиске қарама-қайшы әрекет етуі - хадистің сахих болуы үшін қосылған жеткізушінің
бойында болуы тиіс «әділет» шартына қайшы болғандықтан, хадис сахихтығын жоғалтады. Мыса-
лы, Ханафи мәзһабында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Әбу Һурайрадан риуаят етілген «Ыдыстарыңызды
ит жаласа, онда оның тазалығы ыдысты жеті рет жуу әрі біріншісін топырақпен ысқылау арқылы жүзеге асады»10 деген хадисі бойынша амал
етілмейді. Себебі, хадисті жеткізген Әбу Һурайраның өзі іс жүзінде ит жалаған ыдысын үш рет жуғандығы жайлы дәйекті риуаят бар. Ендеше, Әбу Һурайраның өзі риуаят еткен хадиске қарама-қайшы әрекет етуі
- Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл мәселеге байланы-сты кейіннен айтқан басқа бір хадисін білгендігінен туындауы ықтимал. Яғни, Әбу Һурайра өзі риуаят ет-кен хадис үкімінің мәнсұх болғандығы үшін басқаша амал жасаған. Сондықтан сөзі емес, ісі негізге алы-нады.
Үшінші шарт:
Сахих хадис дәлел ретінде қабылдануы үшін хадисті риуаят еткен кісі егер фақиһ, яғни шариғи мағыналарды терең түсінетін әрі ижтиһадымен
- 10 Сахих Муслим, 1-том, 234-бет, «Дәру Ихиа'ит-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
танылған адам болмаса, ондай кісінің риуаят еткен хадисі - сол мәселеге байланысты фиқһ ілімінде одан да тереңірек басқа бір адамның риуаят еткен хадисіне қайшы келмеуі керек.
Демек, Ханафи мәзһабында ахад жолмен жеткен сахих хадис діндегі жалпы ережеге және басқа сахих хадиске қайшы келген жағдайда, хадисті риуаят ет-кен кісілердің фиқһ ілімін меңгеріп-меңгермегендігі, пәтуа берумен шұғылданып-шұғылданбағандығы ескеріледі. Егер хадисті жеткізген кісілер фақиһ бол-маса, яғни, хадистердегі сөздердің шариғи мағынасын терең түсінетін болмаса, ондай кісілер риуаят еткен хадисі - басқа сахих хадистермен қайшылыққа түскен жағдайда негізге алынбайды. Себебі, хадистерді сөзбе-сөз емес, мағынасы бойынша риуаят ету жиі
болғандықтан, хадис сөздерінің шариғи мағынасын жетік түсінбеген адам Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолданған сөздің дәл мағынасын білдіретін сөзді таңдап қолданбауы ықтимал. Ал бір сөздің, тіпті, бір әріптің өзі дұрыс таңдалмаған жағдайда, көптеген үкімдерге әсер етуі мүмкін. Сондықтан сахих хади-стер арасында қайшылық туған жағдайда, сөздердің мағынасын жақсы түсінетін фақиһ рауилердің ри-уаяттары негізге алынады. Ханафи мәзһабындағы осы ұстанымға байланысты Әбу Ханифа мен әл-Әузағидың арасында болған мына бір қызық оқиғаны бере кетейік:
Суфиян ибн Ъуиайна риуат етті: «Әбу Ханифа мен Әл-Әузағи Мекке қаласында Дарул-хаййатинде кездесті.
Әл-Әузағи Әбу Ханифаға:
- Сендер, рүкүғқа бара жатқанда және одан қайтқанда қолдарыңды неліктен көтермейсіңдер?,
- деді Әбу Ханифа:
- Себебі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) намазға кірерде және рүкүғқа бара жатқанда әрі одан
қайтқанда қолын көтергендігіне байланысты хадисі сахих емес, - деп жауап берді.
Әл-Әузағи:
- Қалайша? Маған Зүһри Сәлімнен, ал Сәлім әкесінен (Абдуллаһ ибн Омардан), ал әкесі: «Пайғамбарымыздың намазға бастарда және рүкіғқа бара жатқанда әрі одан қайтқанда қолын көтергендігін» риуаят етті, - деді.
Әбу Ханифа:
- Ал бізге Хаммад Ибраһимнен, ал ол Алқама және әл-Әсуадтан, ал олар Ибн Мәсғудттан: «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) намазға бастағанда ғана қолын көтергендігін және бұл ісін намазда қайта қайталамайтындығын» риуаят етті, - деді.
Әл-Әузағи:
- Мен саған Сәлімнен және оның әкесінен (Абдул-ла ибн Омардан) хадис риуаят етіп отырмын. Ал сен болсаң Хаммад Ибраһимнен риуаят етті дейсің,
- дейді.
Әбу Ханифа:
- Хаммад фиқһта Зүһриден де терең, Ал Ибраһим Нәхаъи болса, Сәлімнен де терең, Алқамә да Абдул-ла ибн Омардан кем емес. Абдулла ибн Омардың сахабалық артықшылығы бар болса, әл-Әсуадтың да көптеген артықшылықтары бар. Ал Ибн Масғудтқа аты аталғандардың ешқайсысы жете алмайды, - деп жауап берді»11.
Жоғарыдағы оқиғадан байқағанымыздай Ханафи мәзһабында бір мәселеге байланысты сахих хади-
- 11 Мұхаммед Әбу Зәһра, Әбу Ханифа, 244-бет. «Дарул-фикрил-араби» баспасы. Египет, Каир қаласы, 1997 ж.
стер арасында қайшылық туған жағдайда, қай са-хих хадистің жеткізушілері фиқһта тереңірек болса, солардың риуаяты негізге алынады.
Төртінші шарт:
Ахад жолмен жеткен сахих хадистің негізге алы-нуы үшін оның күнделікті өмірде жиі қайталанатын әрбір мұсылманның білуі тиіс мәселелерге байла-нысты болмауы керек. Мысалы, «Пайғамбарымыз
(с.а.у.) намазда «Фатиха» сүресін оқыған уақытта «бисмилланы» да дауыстап оқитын» деген ха-
дис бойынша Ханафи мәзһабында амал етілмейді. Себебі, намазда оқылған қырағат әрбір мұсылманның күнделікті намазда естіп, білетін мәселесі. Егер Пайғамбарымыз (с.а.у.) шынымен-ақ «бисмилланы» дауыстап оқығанда, онда бұл хадис ахад жолмен емес, барлық сахабалар еститін болғандықтан, му-тауатир жолымен жететін еді. Мутауатир жолымен жетпегендігіне қарағанда, бұл хадис негізге алына-тындай сахих емес12.
Бұл мысалға намазда «әминді» жария айту мәселесін де кіргізуге болады. Яғни, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен сахабалары «әминді» үнемі жария айтқанда,
«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әминді жария айт-
ты» деген хадисі ахад жолмен емес, мутауатир жол-мен жетер еді.
Жоғарыда келтірілген шарттарда түсіндірілгендей, Ханафи мәзһабында әрбір сахих хадис дәлелге жат-пайды. Ендеше, Әбу Ханифаның кейбір мәселелерде сахих хадис-ке қайшы әрекет етуі, сол хадисті білмегендігінен емес, керісінше, ахад жолмен ри-уаят етілген сахих хадистерді қабылдаудағы аса
12 Зәкиюд-Дин Шаъбан, Усулул-фиқһил-ислами (Ислам Һукук илминин есаслары, 88-89 бет. Түркие дианет вакфы иаиынлары, 2006ж. ауд: Ибраһим Кафи Дөнмез).
сақтығынан. Яки сол хадиске қайшы басқа бір са-хих хадисті негізге алғандығынан. Немесе ол са-хих хадисті басқа бір қырынан түсінгендігінен деп білуіміз қажет. Ал енді белгілі бір мәселеге байланы-сты кейбір сахих хадистер Әбу Ханифаға жетпеуі де мүмкін ғой деген уәжге жиырма бір томдық «Иълааус-сунан» атты мәшһүр кітаптың авторы Зафар Ахмад әл-Ъусмани әт-Таһанауи былай деп жауап береді: «Ханафи мәзһабы дегеніміз - Әбу Ханифаның берген пәтуалары мен пікірлерінің жиынтығы ғана емес, Әбу Ханифаның пәтуа шығаруда қолданған негізгі ереже-лер бойынша ғасырлар бойы мүжтаһид ғалымдардың шығарған пәтуларының жиынтығы екені сөзсіз. Белгілі бір мәселеге байланысты амал етілуге тиісті риуаят етілген сахих хадис Әбу Ханифаға жетпе-ген күннің өзінде Мұхаммед, Әбу Юсуф, Зуфар ибн Һузайл, ибн Мүбәрак секілді шәкірттері хадис ілімінің жазылған шағына үлгерді. Одан кейінгі уақыттарда Ханафи мәзһабын ұстанған әт-Тахауи, әл-Кархи, «әл-Кафидің» авторы әл-Хаким, Абдул-Бақи ибн Қаниъ, әл-Мустағфири, ибнуш-Шарқи, әз-Зайлаъи секілді басқа да хадис ілімінің білгірлері мен сыншылары хадис ғылымының кемелденіп, нақтыланған зама-нында өмір сүрген. Сондықтан, олар хадистердің са-хихы мен әлсізіне, мәшһүрі мен ахадына көз жеткізді. Міне, сондықтан Әбу Ханифаның сахих хадистерге қайшы қияс жолымен берген барлық пәтуаларын Мұхаммед, Әбу Юсуф, Зуфар, әл-Хасан секілді шәкірттері тәрк қылды. Тіпті, бұлар Әбу Ханифаның берген пәтуларының жартысында басқаша пікір білдірген. Міне, сондықтан Ханафи мәзһабы Әбу Ха-нифа мен қоса осы кісілердің берген пәтуаларының жиынтығы болмақ. Тіпті, ханафи мәзһабын ұстанған кейінгі хадис ілімінің білгірлері кейбір мәселеде
Имам Шафиғидың, енді бірінде Имам Мәликтің, тағы бірінде Имам Ахметтің көзқарастарын таңдаған. Бірақ мұның бәрі Ханафи мәзһабына жата-ды. Өйткені бұл мәселелер таңдалған уақытта Әбу Ханифаның үкім шығаруда қолданған негіздері бой-ынша жүзеге асты. Қазір енді «әлхамдулиллаһ» біздің мәзһабымызда қияс жолымен берілген ешбір үкім Пайғамбарымыздың хадисіне қайшы емес. Кейбірі қайшы болғанымен, ол үкімімізді қуаттайтын басқа хадиске сүйенеміз. Немесе берілген үкім хадиске сырттай қайшы болғанымен, ол хадисті басқаша жо-
рамалдаймыз. Барлық мәзһаб имамдары мен олардың шәкірттері осылай жасаған»13.