Мәзһаб ұстану - ынтымағымыздың кепілі.

Төрт мәзһаб ғұламалары шұлыққа мәсіх тартуға байланысты не дейді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ханафи мәзһабы бойынша:

Ханафи мәзһабының атақты ғалымы Имам әл-Кәсанидің «Бәдаиъус-санайъ» атты кітабында былай делінеді: «Мұхаммед пен Әбу Юсуф42 бой-ынша жүруге жарайтындай43 мықты, астын көрсетпейтіндей қалың және суды өткізбейтіндей тығыз, аяққа кигенде байламай-ақ өздігінен тік тұратын шұлыққа немесе үсті және табаны терімен қапталған мәсі тәріздес шұлыққа, яки, тек табаны терімен қапталған шұлыққа мәсіх тартуға болады. Ал, Әбу Ханифа бойынша тек та-баны терімен қапталған немесе табаны да үсті де терімен қапталған мәсі тәріздес шұлыққа ғана мәсіх тартуға болады. Бірақ басқа бір риуаятта Әбу Ханифаның науқас кезінде бұл ойынан Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың көзқарасына қайтып, қалың шұлыққа мәсіх тартқандығы айтылады»44.

Мәлики мәзһабы бойынша:

Мәлики мәзһабында жұқа шұлықты былай қойғанда, терімен қапталмаған қалың шұлыққа да мәсіх тартуға болмайды. Яғни, Мәлики мәзһабында табаны терімен қапталған шұлыққа ғана мәсіх тартуға болады45.

  • 42 Әбу Ханифаның ең үлкен мүжтаһид шәкірттері. Ханафи мәзһабында осы екі кісінің пікірлері мен пәтулары көп жағдайда ескеріледі, тіпті

негізге алынады.

43 Ханафи мәзһабында ұзақ жол мөлшерін 1 фарсах деп көрсеткен. 1 фарсах - 5565 метр.

  • 44 Алауд-дин Әби Бәкір ибн Мәсъууд әл-Кәсаний, Бәдайъус-санаайъ, 1-том, 141-бет. «Дарул-кутубил-илмия» баспасы. Бәйрут, 1997 ж.
  • 45 Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ әл-Қуртуби, әл-Кәфи, 1-том, 27-бет. «Дәрул-кутубил-ъилмия» баспасы, Бәйрут, 1982 ж. Және қараңыз; Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ әл-Қуртуби, әл-Истизкәәр, 1-том, 222-бет.

«Дәрул-кутубил-ъилмия» баспасы, Бәйрут, 2000 ж.

Шафиғи мәзһабы бойынша:

Шафиғи мәзһабында асты көрінбейтіндей қалың, су өткізбейтіндей тығыз және жүруге жарайтын-дай мықты болмаған, тіпті, кейбір пәтуалар бойын-ша терімен қапталмаған шұлыққа да мәсіх тартуға болмайды. Имам ән-Нәуауий былай дейді: «Біздің мәзһабымыз (Шафиғи) бойынша дұрысы - егер шұлық жүруге жарайтындай мықты болса, онда оған мәсіх тартуға болады. Әйтпесе, жоқ... Ал (аяқ киімсіз) жүруге жарамайтын жұқа шұлыққа мәсіх тартуға болмайтыны даусыз»46.

Ханбали мәзһабы бойынша:

Ханбали ғалымдары табаны терімен қапталмаған шұлыққа мәсіх тартуға болатындығын айтқан. Бірақ ол шұлық - жұқа шұлық емес, аяқ киімсіз жүруге жарайтын қалың әрі мықты шұлық. Кейбір адамдар ханбали ғалымдарының шұлыққа «мәсіх тартуға болады» деген сөзін дұрыс түсінбегендіктен жүруге жарамайтын жұқа шұлыққа да мәсіх тартуды дұрыс санап жүр.

Алайда көрнекті ғалым Абдуллаһ ибн Ахмад ибн Қудама «әл-Муғни» атты кітабында Имам Ахмадтың:

«Аяқта өздігінен мәсі тәрізді тік тұратындай қалың емес байпаққа мәсіх тартуға болмайды. Ал кейбір адамдардың шұлыққа мәсіх тартуының астарында

- ол шұлықтардың мәсі тәрізді (аяқ киімсіз) жүріп тұруға жарайтындай болуынан» деп мәсіх тартуға болатын шұлықтың жұқа емес, қалың шұлық екенін айқындап айтқан сөзін жеткізді47.

Бұған қоса, Ханбали мәзһабының белді ғалымы

  • 46 Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 1-том, 564-бет. «Дәрул-фикр», Бәйрут, 1997 ж.
  • 47 Абдуллаһ ибн Ахмад ибн әл-Қудама, әл-Муғни, 1-том, 182-бет. «Дәрул-фикр» баспасы, Бәйрут, 1985 ж.

Шәмсуддин ибн Қудама «әш-Шархул-кәбир» (кең түсіндірме) атты кітабында: «...Егер өздігінен

(байлаусыз) аяқта тік тұратын әрі жүруге жа-райтын (шұлық) болса, оған мәсіх тартуға бо-лады. Ал жұқа болса болмайды »48 - деп Ханбали ғалымдарының «шұлыққа мәсіх тартуға болады»

деген пәтуаларындағы шұлықтың жұқа емес, жүруге жарамды қалың әрі мықты шұлық екенін айқындап түсіндірген.

Ибн Тәймия да шұлыққа мәсіх тарту мәселесінде ханбали мәзһабынан шықпаған. Сондықтан ол да аяқ киімсіз жүруге жарамайтын жұқа шұлыққа мәсіх тартуды дұрыс санамаған. Ибн Тәймия өзінің «Мәжмуъатул-фәтәәуа» атты пәтуалар жинағында

«мәсіге мәсіх тартқанымыздай шұлыққа да мәсіх тартуға бола ма?» - деген сұраққа: «Иә, табаны терімен қапталса да, қапталмаса да егер жүруге жарамды болса, болады...»49 -деп жауап берген. Ал шұлықтың жүруге жарамды болуы үшін қалың әрі мықты болу керектігі айтпаса да түсінікті.

Жоғарыда төрт мәзһаб ғұламалары пәтуаларынан байқағанымыздай, мәсіх тартуға болатын шұлық - аяқ киімсіз жүруге жарайтындай мықты, су өткізбейтіндей әрі асты көрінбейтіндей тығыз және қалың, жуылуы парыз болған, яғни, аяқтың тобыққа дейінгі жерін жауып тұруы шарт. Тіпті, Мәлики мәзһабы бойынша табаны терімен қапталған болуы қажет.

Мәзһаб ғұламалары мәсіх тартуға жарайтын шұлықта болуы тиіс бұл шарттарды қайдан алған де-ген сұраққа әт-Тирмизи жинағына «Тухфатул-ахуази» атты кең түсіндірме жазған фиқһ әрі хадис саласының

  • 48 әш-Шархул-кәбир, 1-том, 281-бет.
  • 49 Ибн Тәймия, Мәжмуғату фәтаауаа, 11-том, 123-бет. «мәктабатул-ъабикан» баспасы, Риад қаласы, 1998 ж.

білгір ғалымы Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдир-Рахим әл-Мубәракфури былай дейді:

«Дәрет алуда негізгі нәрсе - Құранда келгендей екі аяқтың жуылуы. Ал, Құран үкімін «мәсіге мәсіх тартуға болатындығын білдіріп» келген хадис сияқты барлық хадис ғалымдарының бірауыздан «сахих» деп бағалаған хадистерімен ғана айырбастауға бола-ды. Ал енді шұлыққа мәсіх тартуға болатындығын білдіретін (жоғарыдағы) хадистің сахихтығына (дұрыстығына) байланысты бұл саланың маман-дары арасында сынға толы түрлі пікір бар. Ендеше, қалайша ғана (аяқтарыңды жуыңдар деген) Құран бұйрығын мұндай әлсіз хадиспен айырбастауға бо-лады? Осыны меңзеген Муслим50: «Әбу Қайс, Һузәйл («шұлыққа мәсіх тартты» деген жоғарыдағы хадисті риуаят еткен кісілер) сияқты кісілердің риуаятын негізге алып Құранның заһири үкімінен (аяқты жуудан) басқа үкімге (шұлыққа мәсіх тартуға) баруға болмайды» дейді51.

Міне, сондықтан ғұламалар мәсіх тартуға жа-райтын шұлықтың мәсі орнына жүруі әрі мәсіге байланысты хадистердің аясына кіруі үшін жоғарыдағы шарттарды қосқан...»52.

Жоғарыдағы Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдир-Рахим әл-Мубәракфуридің сөзін тарқатып түсіндірер болсақ, төрт мәзһаб ғұламалары бой-ынша жоғарыдағы хадис Құранның парыз еткен «аяқты жуу» үкімінің орнына жүретіндей қуатта

  • 50 «Сахих Муслимді» жинақтаған әл-Бухариден кейінгі беделді хадис ғалымы Муслим ибн Хажжаж (Һижри, 204-261).
  • 51 Сунанул-Бәйһақил-кубра,1-том, 284-бет. «Мәктабату Дарил-Бәз» баспасы, Мекке, 1994 ж.
  • 52 Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдур-Рахим әл-Мубәракфури, Тухфатул-әхуази Шарху жамиъит-тирмизи, 1-том, 401-бет, «Байтул-афкарид-даулия» баспасы.

болмағандықтан жұқа шұлыққа мәсіх тартуға болмайтындығын бірауыздан білдірген. Ал мәсіге мәсіх тартуды білдіріп келген хадистер өте көп әрі бірауыздан хадис ғалымдары бойынша «сахих» болғандықтан қажет кезде «аяқты жуудың» ор-нына жүре береді. «Ал су өткізбейтіндей әрі асты көрінбейтіндей қалың әрі тығыз және аяқ киімсіз жүруге жарайтындай мықты шұлыққа мәсіх тартуға рұқсат берулерінің астарында мұндай сипаттағы шұлықтың мәсіге ұқсатылуында (қияс қылынуында). Яғни, шұлықтың мәсі орнына жүруі үшін, шұлықта мәсідегі суды өткізбеу әрі жүруге жарамдылық секілді ерекшеліктер болуға тиіс. Міне, сондықтан ғұламалар мәсіх тартылатын шұлықта жоғарыдағы шарттардың болуын талап еткен.

Бір ескеретін жайт, тоғызға жуық сахабаның шұлыққа мәсіх тартқандықтарына байланысты кел-

ген риуаяттарды «жұқа шұлыққа мәсіх тартуға»

дәлел ретінде келтіруге болмайды. Себебі, саха-балар жұқа шұлыққа емес, аяқтарын жылы ұстау мақсатында киген қалың шұлықтарына мәсіх тартқан. Әбу Мәсғуд әл-Ансаридің (р.а.) қылдан тоқылған қалың шұлығына мәсіх тартқандығы са-хих жолмен риуаят етілген53.

Ендеше, қазіргі жұқа шұлықтар, тіпті қолдан тоқылған кейбір байпақтар пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманындағы шұлыққа ұқсамағандықтан, оған мәсіх тартуға болмайды. Мәсіх тартуға жарай-тын шұлықта болуы тиіс шарттар әһлус-сунна уәл-жәмаъа ғалымдарының «ижмаъына» (бірауыздан

  • 53 Әбу Бәкір Абдур-Раззақ ибн Һумам әс-Санъани, Мусаннафу Абдир-Раззақ, 1-том, 199-бет. «Әл-мәктәбул-ислами» баспасы, Бәйрут, 1977 ж. Қосымша қараңыз: Мұхаммед Шамсул-Хақ әл-азим Әәбаади, Ъаунул-маъбууд, «Дарул-кутубил-ъилмия» баспасы, Бәйрут, 1995 ж.

келіскен шарттарына) жатады. Сондықтан бұл шарт-тары жоқ шұлыққа мәсіх тартқан кісінің дәреті толық болмағандықтан намазы да «жүмһүр» яғни көпшілік ғұламалар бойынша дұрыс емес.

Сөз түйіні, жеңілдікті желеу етіп, дәреттің төрт парызының бірі саналатын «аяқ жууды» жұқа шұлыққа мәсіх тарта салумен айырбастауға бол-

майды. «Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі нәрсенің

біреуін таңдар болса, сөзсіз күнә болмаған жағдайда жеңілін таңдайтын еді. Ал егер күнә болса, адамдардың арасындағы одан ең аулағы болатын...»54 деген хадисте де көрсетілгендей жеңілді таңдау үшін, ол нәрсенің ең алдымен «күнә» болмауы шарт. Пайғамбар (с.а.у.) заманында қазіргідей жы-луынан гөрі сәні үшін киілетін жұқа шұлықтардың болмағанын ескерер болсақ, аталмыш «шұлығына мәсіх тартты» деген хадисті «жеңілдікке» айғақ ретінде келтіре алмайтынымыз ақиқат.

Ал ауа-райының суықтығына, яки басқа да түрлі жағдайларға байланысты аяқ жууға қиналған жан-дар теріден тігілген шұлық тәрізді жұқа мәсіні қолдануларына әбден болады.

Сондай-ақ, ғибадаттардың қиындығына қарай сауабының да болатынын ескерер болсақ, дәрет алуға байланысты кейбір қиыншылықтарды мол сауаптың қазынасы деп түсінгеніміз жөн. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) сахабаларына: «Сендерге Алла Тағаланың

қателеріңді кешіріп, дәрежелеріңді көтеретін істі көрсетейін бе?, - деді. Сахабалар: «Әрине, уа

  • 54 Сахихул-Бұхари, 3-том, 1306-бет. «Дару ибни Кәсир» баспасы, Бәйрут, 1987 ж.

Алланың елшісі!», - деді. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Қиыншылықтарға қарамастан дәретті толық дұрыстап алу...»55, - деп, дәрет алу кезінде кезде-

сер кейбір қиыншылықтардың күнәларымыздың кешіріліп, дәрежелеріміздің көтерілуіне себеп екенін білдірген.

Құрметті ізгі оқырман! Пайғамбарымыздың

(с.а.у.): «Саған күмәнді боп келген нәрселерді та-ста да күмәнсізді ұстан...!»56 немесе «Харам нәрсе

де, адал нәрсе де - анық. Бірақ екеуінің ортасында адамдардың көбі біле бермейтін «күмәнді» нәрселер бар. Кімде-кім күмәнді нәрселерден сақтанса, дінін де, ар-ұят, абыройын да сақтаған болады. Ал кімде-кім күмәнді нәрселерге түсер болса, харамға түскені...»57 делінген хадистерінде ескертілгендей күмәнді нәрселерден сақ болғанымыз жөн.

Ендеше, намазымыздың кілті саналған дәреттің төрт парызымен тікелей қатысы бар күніміздегі кейбір күдікті «шәзз»58 пәтуаларды тастап, күдіксізін таңдау парасатты әрі ықтиятты мұсылманның ісі болса керек.

  • 55 Муслим ибн Хажжаж, Сахих Муслим, 1-том, 219-бет. «Дәру Ихиа'ит-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
  • 56 Сунанут-Тирмизи, 4-том, 668-бет. «Дәрул-ихиайтурасил-араби»

баспасы.

  • 57 Муслим ибн Хажжаж, Сахих Муслим, 3-том, 1219-бет. «Дәру Ихиа'ит-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.
  • 58 Шәзз пәтуа - барша ғұламалардың пәтуаларына қайшы пәтуа.