Ислам ғылымхалы

Зекеттің дұрыс орындалуы үшін қосылған шарттар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Ниет


Жалпы ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да ниет ету шарт. Зекетті басқа нәпіл садақалардан ерекшелендіретін де осы ниет екені сөзсіз.
Пайғамбарымыз  (с.а.у.) хадисінде былай деген:
«Барлық амалдар ниетке байланысты»385. Зекет есесін кедейлерге берген уақытта немесе зекет есесін бөлген уақытта бұның зекет екендігін жүрегімен ниет ету керектігі туралы төрт мәзһаб ғалымдары бір көзқараста. Тілмен ниет ету шарт емес. Кедейге зекет беру ниетімен бір нәрсе берген уақытта көңіліне келмес үшін бұл саған берген сыйлығымыз деп, тапсырса зекеттің дұрыстығына еш зиян келтірмейді.
Зекет берілген адам да өзіне тапсырылған зекеттің зекет екенін біліп-білмеуі  маңызды емес. Басқа мұсылмандарға үлгі болу үшін зекетті жария түрде берген жөн.

 

384 Малик Муатта, 18.
385 Муслим, Имара, 155. Бухари, Бәдул - Уахи,1.
 
Бір нәрсені кедейге берген уақытта зекет ниетімен бермей, сосын барып берілген зат жылдық зекетімнің орнына жүре берсін деп ниет еткен жағдайда, берген нәрсесі әлі жұмсалмай кедейдің қолында болса, зекеті ретінде қабылданады. Ал, егер жұмсалып кетсе, қайта зекет беруіне тура келеді.
Бір адам зекет есесін бөліп қойғаннан кейін жоғалып, ұрланып немесе басқа бір жағдаймен жойылып кетсе, зекет парызы мойнынан түспейді. Өйткені, зекет есесі
- кедейлерге иелендіру арқылы берілген жағдайда ғана зекет ретінде қабылданады.
Бір адам зекетті ниет етпей анда-санда кедейлер- ге бір нәрселер беріп тұрса, зекет парызы мойнынан түспейді.
Зекет тек қана Аллаһ ризашылығы үшін берілуі тиіс. Зекетті адамдарға көрсету үшін немесе мақтану үшін беруге болмайды. Берген зекетін міндетсіп, паңданатындардың зекеті Аллаһтың алдында қабыл болмайды.
«Ей, иман еткендер!  Аллаһқа   және ақырет күніне сенбестен, тек қана адамдарға (мақтанып,) көрсету  үшін мал жұмсаған  адамдарға  ұқсап, берген садақаларыңды  (берілген адамға) міндетсіп, ренжіту арқылы  бұзбаңдар! Оның  (берген садақасын міндетсіп, берген адамдарды ренжіткендерің) мысалы, үстінде топырағы бар тайғанақ тас сияқты, оған нөсер жауа қалса (топырағын шайып), құр тас күйінде қалдырады. Бұндай адамдар істеген ешбір істерінің сауабы мен қарымын ала алмайды. Аллаһ қарсы келген елді тура жолға салмайды»386.

 

386 Бақара, 2/264-аят.
 
                                             2. Иелендіру (тамлик)


Зекет ғибадатының дұрыс болуының тағы бір шарты
- зекет есесін Құранда белгіленген адамдарға иелендіру арқылы беру. Сондықтан дастарқан жайып, кедейлерге тамақ беру зекет емес, жай ғана садақа ретінде есептеледі. Өйткені, тамақтандыру кедейлердің тамақ жеулеріне рұқсат қана болып, иелендіру деп есептелмейді.


Зекет  кімдерге және қандай орындарға бері- леді?

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Маған зекет бер» - деген адамға былай жауап берген:
«Ұлы Аллаһ зекеттің берілетін орындары жайында пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді беремін»387.
Иә, зекеттің берілетін орындарын Аллаһ Тағала
«Тәубе» сүресінің алпысыншы аятында тағайындап білдіреді: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей- кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ  жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді»388.

 

 

387 Әбу Дәәуд, Зекет, 24.
388 Тәубе, 60
.