Ислам ғылымхалы

ЗЕКЕТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Олардың малдары көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал»
«Тәубе»
сүресі

 

«Аллаһ өсімнің (процент) берекетін кетіріп жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп арттырады»
«Бақара»
сүресі
 

 

ЗЕКЕТ

 

Араб тілінде «зекет» - көбею, өсу, берекеттену, тазалық сияқты мағыналарды білдіреді. Ал зекеттің шариғаттағы терминдік мағынасы: Нисап368 көлеміне жететін байлыққа ие болған мұсылманның байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін  Құранда белгіленген адамдарға иелендіруі.
Бұл ғибадаттың зекет деп аталуы қалған байлықтың көбеюіне, берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан тазаруына себеп болғандығынан.


Зекеттің пайдалары мен хикметтері

 

1. Аллаһ Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, тыйған тыйымдарын жасамаған құлдарын ақыретте сый- сыяпатқа кенелтіп, өзінің мейіріміне бөлейтіндігі тура- сында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Аллаһ Тағаланың бұйырған әмірлерінің  біреуі, сондықтан орындау- шысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Аллаһтың ризашылығына шомары сөзсіз. Сонымен қоса6 зекет
- «Тәубе» сүресінің  103-аятында  білдірілгендей күнәлардың кешірілуіне себеп.  «Олардың малда- ры көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал».
2. Жалпы адам баласының бойында  дүние- мүлік, байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық

368 Нисап: зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.
және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану сияқты жаман сипаттар бар. Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық, тәкаппарлық сияқты жиіркенішті  қылықтардан сақтап, кішіпейілдік, жомарттық және кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға тәрбиелеп, баулиды. Байлығының бір бөлігін тек қана Аллаһ ризашылығы үшін пақыр отандастары мен діндестеріне тегін беретіндей көңілге ие болған мұсылман баласы әрқашан елін, халқын, отанын ойлайтын азаматқа айналары сөзсіз.
3. Зекет - қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байланысты жақсартып, бауырмалдыққа тәрбиелейді. Мәселен, кедейлерге мейірімділік танытып, жағдайларына қарасқандықтан кедей де байларға құрметпен қарап, олардың дүние-мүліктеріне сұқ көзденбейді. Қызғанып, қастандық ойламайды. Осылайша қоғам бақытты, сенімді ғұмыр кешеді.
4. Зекет - қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа өмір сүрулеріне ықпал жасап, мемлекетті әлсіздіктен сақтайды.
5. Зекет - капиталдың тек қана байлардың ара- сында айналып тұратын күш болуына бөгет жасайды. Пайғамбарымыз  (с.а.у.) «Зекет - Исламның көпірі»369
- деп, әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің зекет арқылы бір дастарқан  басына жиналатындығын ишарат етуде. Өйткені, зекет - бай мен кедейді жақындастыратын маңызды ғибадат.
Ислам діні «Өзім тоқ болсам болды, өзгенің өмірем қапқанында шаруам жоқ» немесе «қиындығын сен көр, қызығын мен көрейін» - деген сияқты қара басын ғана

 

369 Һайсәйми, Мажма'уз-зәуайд, 3/62.
 
ойлайтын өзімшілдікке қарсы шығу арқылы бай-кедей арасындағы қайшылықтардың алдын алады.
Аллаһ  бұл  дүниені  адамдардың барлығына толық жететіндей нығметтерімен  безендірген. Сол нығметтерді әділ бөліске салмаған мына дүниеде көптеген қиыншылықтар кездесуде. Соның кесірінен ат төбеліндей ғана топ рахат өмір сүріп, жай халықтың көбі қиыншылық пен жоқшылықтан көз ашпауда. Міне, зекет - кірістің таратылуындағы осы теңсіздікті жойып, әділеттікті орнататын, байларға жүктелген сауабы мол, мәні зор ғибадат. Қысқасы, зекет - хадисте айтылғандай, байдың мейірімділігін, кедейдің құрметін тудыратын, оларды өзара дәнекерлейтін иләһи көпір.
6. Зекет ғибадаты - Аллаһ Тағала берген байлыққа деген шүкіршілік. Зекет беруші мұсылман қолындағы байлықтың Аллаһ Тағала  берген жақсылық екенін ұғынады. Өзінен де зерек, қабілетті, денсаулығы мықты  талай адамдардың бұл нығметтен мақрұм екендігін түсініп, сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Аллаһ Тағалаға шүкір етеді. Әр нығмет өзіне сай шүкір талап етеді. Ілімнің шүкірі оны басқаға үйретумен, дене мүшеміздің шүкірі ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен орындалатыны сияқты, байлық нығметінің де шүкірі мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылы жүзеге асады. Яғни, байлық нығметінің шүкірі аузымызбен айтылатын
«Аллаһқа шүкір» деген сөзбен ғана шектелмейді.
7. Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтайды. Байлықтың құрып кетуіне тосқауыл жасай- ды. Пайғамбарымыз: «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, тілейтін  дұғаларыңмен бастарыңа келетін пәлелерге дайындалыңдар»370   - деп түсіндіреді.
8. Зекет - қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-сулау, адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен жайылуына  бөгет қояды. Мұқтаж адамдардың өмір сүрулеріне керекті материалды көмек зекет сияқты заңды жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш болымсыз кереғар көріністер өздігінен тоқтайды.
9. Барлық мүшесімен бірге қоғам бүтін саналады. Әркім өзіне кіріс кіргізу барысында қоғамның басқа мүшелерінен тікелей немесе жанама түрде пайдалана- ды. Байдың байлығының пайда болуында қоғамның да ықпалы бар екеніне кім дауласар? Қоғамнан тыс жапан далада жеке басы өмір сүргенде қолындағы байлығы пайда болар ма еді? Сондықтан байдың байлығында кедейдің де есесі бар екенін ұмытпағанымыз  жөн. Беретін зекетіміз - өмір сүріп жатқан қоғамымызға деген рақметіміз бен бізге сол байлық нығметін нәсіп еткен Ұлы Жаратушымызға шүкіріміздің белгісі.
10. Шайтан адамды «Зекет берсең, аш - жалаңаш, кедей болып қаласың» - деп,  қорқытып, барынша азғырады. Шындығында зекет малымыздың  азаюына емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық былай баяндалады:  «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытып,  жаманшылық жасауды бұйырады. Ал Аллаһ сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін
уәде етеді...»371, «Аллаһ  өсімнің  берекетін кетіріп

 

370 Кашфул-хафаа, 1/361
371 Бақара сүресі, 268-аят.
 
жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп арттырады»372
Пайғамбарымыз  (с.а.у.) бір хадисінде берілген садақаның байлықты азайтпайтынын айтады: «Садақа малдан ештеңе азайтпайды»373.
11. Зекет берген адамның жан жүрегін, ішкі сезімін керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат  құшағына кіргендей күй кешеді. Өмірдің қысымынан, дүние- мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан ары- лады. Батыс елдерінде материалдық өмірмен етене бай- ланысып кеткендіктен рухани тоқырауға ұшырағандарға психологтар жаңа емнің түрі ретінде мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді ұсынуы кісі ойлантарлық. Хақ Тағала әр жақсылықтың есебін қолма-қол жүрекке рухани рахат құю арқылы сездіреді. Бұны ешбір материалдық рахаттан алу мүмкін емес.
Зекеттің мұсылмандарды жалқаулыққа, масылдыққа, жатып ішерлікке тәрбиелеп дағдыландырмайтындығын
айта кеткеніміз жөн болар. Өйткені, Пайғамбарымыз:
  «Береген қол - алаған қолдан қайырлы» - деп мұсылмандарды әрқашан тер төгіп,
еңбек етуге шақырады.