Саудагер жыл соңында қолындағы сауда тауарла- рын көтерме бағасына қарай ақшаға бағалайды. Бұның үстіне қолындағы ақшасын, чектерін, акцияларын және басқалардан алатын қарыздарын қосып, одан өзінің басқаға беретін қарыздарын шығарып тастап, шыққан мөлшердің 2,5 % зекет ретінде береді.
Жер қойнауындағы қазба байлықтардың зекеті
Алтын, күміс, мұнай, газ, сияқты барлық жер қазба байлықтарынан 20 % зекет алынады.
Бау-бақша және егістік өнімдерінің зекеті
Бау-бақша және егіс өнімдерінде зекет мына екі жолдың біреуімен алынады. Егер егіс құдық, су тартатын аппарат сияқты нәрселермен суарылып, дәрі-дәрмек себу секілді еңбек жұмсалып, өнім алынатын болса, өнімнің 5% ал, егер егіс жаңбыр суы, өзен суы сияқты сулармен суғарылса өнімнің он да бірі яғни, 10 % зекет ретінде алынады. Егіс өнімдерінен жылына бірнеше рет өнім алуға болатындықтан, бір жыл толу шарты мен нисап мөлшері шарты қосылмайды. Жер жалға алынса да, алған өнімдерінің зекеті беріледі.