Ислам ғылымхалы

Зекет ғибадатының үкімі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зекет ғибадаты Ислам дініндегі негізгі бес ғибадат- тың ішінен орын теуіп, Һижреттің екінші жылы Рамазан оразасынан кейін Шәууал айында парыз болды.

 

372 Бақара сүресі, 276-аят.
373 Муслим, бирр/69.
 
                                        Парыздығының дәлелдері


(Құран Кәрім, Сүннет, Ижмағ)

 

1. Құран-Кәрім:


«Намаз оқыңдар, зекет беріңдер...»374  «Олардың күнәларынан тазаланып, малдары көбейіп берекеттенуі  үшін олардың  (мұсылмандардың) малдарынан  садақа (зекет) ал ...»375 «Шын мәнінде садақалар (зекеттер) кедей-кепшіктіктерге,  түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға  т.б.), құлдарды  азат етуге, қарызға  батқандарға,  Аллаһ  жолына және қиналған жолаушыларға  берілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді»376.

 

2. Сүннет


Пайғамбарымыз  (с.а.у.) былай деген:
«Ислам діні бес негізден тұрады: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ тарапынан жіберілген елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келсе қажылыққа  бару»377

 

3. Ижмағ378


Жаппай барлық Ислам ғұлама, мүштаһиттері зекет ғибадатының парыздығына бірдей көзқарас білдірген.

 

374 Бақара сүресі, 34,83-аят.
375 Тәубе сүресі, 103-аят.
376 Тәубе сүресі, 60-аят.
377 Тирмизи, Иман,36; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман, 217.
378 Ижмағ: Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің үкімінде ортақ көзқараста болуы.
 
Тіпті сахабалар зекетті бермейміз дегендерге қарсы соғыс ашу керек деген пікір айтқан.
Кімде-кім  зекет ғибадатының парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдап орындамаса, күнәһар болады.