Ибну Мәндәнің риуаяты бойынша:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына садақаға берудің сауаптығын айтып, ол турасында түскен аят- тарды оқып, қызықтырған сайын олар да бір-бірімен жарысып, шама-шарықтары жеткенше садақаға арнап әр нәрселерін әкеліп жатты.
Сахабалардан Утба ибну Зәйд садақа беруге құштар болғаны соншалық, Ұлы Жаратушыға өзінің кедей екендігін айтып жалбарынып, түн ортасында былай деп мұңын шақты: «Я, Аллаһ, Ұлы Жаратушым! Менің садақа беретіндей түгім жоқ. Бірақ мен осы уақытқа дейін маған зорлық-зомбылық көрсеткендердің, әлімжеттік қылып, тісі батқандардың бәрін шын ықыласпен кештім. Осы ісімді менен садақа ғып қабыл ала гөр! - деп жал- барынады.
Ертесіне таңертең Пайғамбарымыз сахабаларынан:
«Кеше өзіне ақысы өткендердің бәрін кешірген кім?»,
- деп сұрады. «Мен», - деп орнынан түрегелген Утба ибну Зәйдке Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Садақаң қабыл болды», - деп сүйіншіледі.
Әбу Мұсаның риуаяты бойынша:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірде:
- Әр мұсылман садақа беруі тиіс,-дегенде:
- Садақа беретіндей ештеңесі жоқ болса ше? - деген сұрақ қойылды.
- Онда тер төгіп, еңбек етіп, өзіне де пайдасын тигізіп, басқаға да садақа берсін.
- Ал оны да істей алмаса ше?
- Қиналған жанға қол ұшын берсін.
- Оған да шамасы жетпесе ше?
- Жақсылықты дәріптесін.
- Оны да істемесе ше?
- Жамандыққа жоламасын, - деді сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.).
* * *
Зекет кімдерге берілмейді?
1. Мұсылман еместерге.
2. Нисап мөлшеріндегі байлық иелеріне.
3. Әке-шешеге, ата-әжеге және олардың ата- аналарына зекет беруге болмайтыны сияқты, өзінің балаларына, немерелеріне, олардың балаларына және кейінгі барлық ұрпақтарына зекет беруге болмайды.
Шафиғи мәзһабында аталмыш кісілер қарызданып қалған жағдайда ғана қарыздарын өтеу үшін бір-бірлеріне зекеттерін берулеріне болады. Ал қарызы жоққа беруге болмайды.
4. Әдетте, кедей-кембағалдарды қолдайтын Ислам шамасы келе тұра жұмыс істемей, даярға әдеттенген масыл адамдарға зекет берудің дұрыс еместігін айтады. Өйткені, зекет берудегі мақсат - қоғамда жатып ішерлердің санын көбейту емес, бір жағдайлармен кедейлікке ұшыраған жандарды кедейліктен құтқару.
5. Бәни Һашим. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыста- ры саналатын Һашим ұрпақтары. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сыйлықты қабыл алғанымен, ешбір садақаны қабыл ал- майтын390 және туысқандарына да алдырмайтын.