Ислам ғылымхалы

Байлығының зекетін өтемегендердің ақырет күні тартатын азабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қолдарындағы байлықтарының зекетін бермеген адамдардың ақыретте тартатын азаптарының өте ауыр екендігі туралы Әбу Һурайрә (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай деп айтқанын риуаят етеді:
«Зекетін  бермеген адамның байлығы  ақырет күні ірі жылан пішініне кіреді. Екі көзінің үстінде (қорқыныштылығының белгісі ретінде) қап-қара екі домалақ дағы бар. Осы жылан қиямет күнінде иесінің мойнына оралады. Сосын аузымен иесінің екі жағынан ұстап: «Мен сенің дүниедегі (қатты жақсы көрген) байлығыңмын, мен сенің (жинаған) қазынаңмын, - дейді. Сосын Пайғамбарымыз  (с.а.у.) мына аятты оқыды:
«Аллаһтың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерін (басқаларға бермей) сараңдық  істегендер бұл істерін өздеріне қайырлы  деп ойламасын. Жоқ, тіпті (бұл істері)  өздері үшін ең үлкен  жамандық.  Ақырет күні сараңдық  жасаған дүниелері мойындарына оралады»379 Басқа бір аятта Аллаһ Тағала сараңдарды ақыреттің күйзелтуші азабынан былай деп ескертеді:
«Алтын,  күмісті жинап, оны Аллаһтың  жо- лында жұмсамағандарды  күйзелтуші   азаппен

 

379 Әли - Имран сүресі, 180-аят.
 
сүйіншіле. Жиналған алтын мен күміс тозақ отында қыздырылып, онымен маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланатын қиямет күні оларға:
«Міне, мынау - өздерің үшін жиған дүниелерің. Ал енді қанеки, жинағандарыңның дәмін татыңдар!»380.