Ғамус анты
Жалған ант. Бір нәрсені біле тұра әдейі жалған ант ету. Мысалы, біреудің қарызын бермегенін біле тұра,
354 Маида. 5/89.
355 Муслим, Иман, 15-16.
«Аллаһ атымен ант етейін, уаллаһи, биллаһи қарызын өтегенмін» деуі секілді. Мұндай ант - үлкен күнә. Мұндай антқа Ханафи мәзһабында кәффарат керек емес. Оған дәлел Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бес нәрсеге кәффарат керек емес деп санаған нәрселердің арасында осы ғамус түрі де бар356.
Лағу анты
Қателесіп немесе айтқаным дұрыс деп ойлап, ант ету түрі. Мысалы, бермеген қарызын бердім деп ойлап, «уаллаһи, биллаһи бердім» деу секілді. Сол секілді ант етуді ниет етпестен ант сөзін айтуды әдетке айналдырғандықтан, сөзін қуаттау үшін «уаллаһи, биллаһи» деуі. Бұндай антқа кәффарат керек емес.
Мун'ақид анты
Іске асу мүмкіндігі бар және жалпы болашаққа бай- ланысты бір нәрсе жайлы ант ету: «уаллаһи, биллаһи, Аллаһ атымен ант етейін, ертең қарызыңды өтеймін» деуі. Мұндай антын орындамаса, кәффарат керек. Құранда: «Аллаһ біле тұра істеген анттарыңа жауапты қылады»357, - дейді. Мұсылман адам қолынан келетін бір нәрсеге ант берсе, орындауы керек. Мұсылман өзіне берген сөзі мен уәдесінде тұрғаны дұрыс. Құранда Аллаһ:
«Анттарыңды сақтаңдар»358, «Аллаһқа берген серттеріңді
орындаңдар»359, - дейді.
356 Бухари, Әдәб, 6.
357 Маида, 5/89.
358 Маида, 5/89.
359 Нахыл, 16/91.