Ислам ғылымхалы

Оразаны бұзбайтын жағдайлар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Ұмытып ішіп-жеу немесе білмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

 

342 әш-Шәукани, IV, 214.
 
«Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізгенде - Аллаһ»343. Басқа бір хадисте: «Рамазанда ұмытып ора- засын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес»344
- делінген. Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.
2. Бір адам таңертең жүніп болып тұрса  және кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бірақ, әлбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз. Аллаһ Құранда: «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар»345, - дейді.
3. Қан алдыру немесе сүлік салдыру  оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қажылықта аузы берік кезінде қан алдырған346.
4. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.
5. Көзге, құлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.
6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану - сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып жуу.
7. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.
8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны
бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.

 

343 Муслим, Сиям, 171. 344 Ибн Мажә, Сиям, 15. 345 Маида, 5/6.
346 Бухари, Тыбб, 11.
 
9. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң,  ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішіне тартса, ораза бұзылады.
10. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсе тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.
11. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді.
12. Еріксіз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі де.
13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.