Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру - уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе
347 Ескерту: Құрметті оқырман! Кемелдік қашанда Ұлы Жаратқанға ғана тән қасиет қой. Бұл кітаптың бірінші және екінші басылымында қателікпен рамазан оразасын ұстай алмайтындардың беретін фидия мөлшерінің орнына рамазан оразасын әдейі бұзған жандардың кәффарат ретінде беретін фидия мөлшері беріліп кеткен. Біз бұл қателігімізді осы басылымда ғана байқап жөндедік. Ол үшін оқырмандарымыз- дан кешірім өтінеміз.
алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Құранда Аллаһ Тағала «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін»,348 - дейді. Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят - кәрі адам- дар үшін түскен. Оразаны өтеу - парыз». Дегенмен кейбір қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе, Аллаһтан кешірім тілейді. «Аллаһ адамға көтере алмай- тын жүкті бермейді»349.
Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның уәжіп болғаны жайлы Ислам фақиһтері арасында ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес. Оған мына аят дәлел: «Аллаһ сендерге дінде қиыншылық жасаған емес»350.