Ислам ғылымхалы

Жамағатпен намаз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні - жамағат діні. Сондықтан жамағатпен намаз оқуды өте жоғары бағалаған. Ханафи мәзһабында ер кісілердің бес уақыт парыз намазды жамағатпен оқулары - бекітілген сүннет. Тіпті басқа мәзһабтардағы кейбір ғалымдар парыз деп үкім берген. Екі кісі болса да намазды жамағатпен оқу керек.


Жамағатпен намаз оқу арқылы мұсылмандар бір- бірімен танысып, араларында жылы қарым-қатынас күшейеді. Періштелер сияқты Аллаһтың құзырына сап құрып, жамағатпен оқылған намаздың сауабы, жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық. Пайғамбарымыз (с.а.у) жамағатпен намаз оқудың сауаптылығын көптеген хадистерінде білдірген. Мысал ретінде: «Жамағатпен  оқыған намаздың сауабы жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық». «Кімде- кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түн ортасына дейін намаз оқығандай сауап алады. Таң намазын да жамағатпен оқыса түні бойы намаз оқығандай сауап алады». «Адамдар егер алдыңғы саптың қаншалық сауаптылығын білгендерінде, алдыңғы саптан орын алу үшін араларында жеребе тастауға дейін баратын еді». «Намазды алғашқы уақытында оқудың сауабын білгендерінде ол үшін жарысар еді. Құптан намазы мен таң намазының кереметтігін білгендерінде, еңбектеп болса да, бұл намаздарды жамағатпен оқуға келетін еді». Саптардың ең сауаптысы - ең алғашқы сап. Одан кейін ретіне қарай келесі саптар.
Әйел адамдар мешітке барып жамағатпен бірге намаз оқуларына болады. Бірақ үйде оқулары абзал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы: «Әйелдердің мешітке баруларына бөгет болмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін мешітке баруларынан да абзал», - дейді.