Қасиетті Рамазан айының құрметіне Бірлікүстем мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ауылымыздың иманды әрі қайырымды кәсіпкер бауырымыз сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне Бірлікүстем мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ауылымыздың иманды әрі қайырымды кәсіпкер бауырымыз сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.
Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі», деп сүйіншілеген. (Тирмизи)
Жайсын ауылындағы «Жанабай баба» мешіті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, жергілікті мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында батагөй ақсақалдар арасында «Ақ бата» атты облыстық іріктеу сайысы өтті. Бұл сайыс ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, бата беру дәстүрін жаңғыртуға бағытталды.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында "Батагөй қария" атты аудандық бата беру жарысы өтті.