ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІМЕН ДИДАРЛАСТЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІМЕН ДИДАРЛАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Сапар барысында ең алдымен аудан әкімі Олжас Елебекұлымен жүздесіп, өңірдегі діни ахуал, мешіттердің қызметі және діни тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесуде Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл да болды. Тараптар қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, жастар тәрбиесі және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау тақырыптарын кеңінен талқылады.

Бұдан кейін облыс бас имамы аудан мешіттерін аралап, жергілікті дін қызметкерлерімен кездесіп, имам-молдалардың жұмысымен танысты. Ауданда өтіп жатқан үлкен іс-шараларға қатысты. Ол мешіт жамағатымен сұхбаттасып, дінді дұрыс түсіндіру, жат ағымдардың алдын алу және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, сапар аясында аймақтағы мешіттердің қызметі мен халыққа көрсетілетін рухани қолдау шаралары пысықталып, мешіттердің әлеуметтік бағыттағы жұмыстарын жетілдіру жайы сөз болды.

Бас имам өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау бағытында жергілікті билік өкілдерімен бірлесе жұмыс істеу маңызды екенін атап өтіп, дін қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: