#Шу: «Бірлікүстем» мешітінде қайырымдылық шарасы орын алды

#Шу: «Бірлікүстем» мешітінде қайырымдылық шарасы орын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Бірлікүстем мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ауылымыздың иманды әрі қайырымды кәсіпкер бауырымыз сауапты іс жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.

Игі шара барысында бір бас ірі қара және бір бас қой сойылып, еті 19 адамнан тұратын отбасыларғатаратылып берілді. Жалпы қаражат 600 мың теңгеніқұрады.

Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы жоғары бағалап, Рамазан айындағы мейірімділік пен ізгілік рухын нығайтқанкәсіпкерге алғыс білдірді. Аталмыш мешіт имамы Жетпісбай Алимбеков осындай игі істердің жалғасатынына сенім білдіріп, берекелі айдың баршаға жақсылық әкелуін тіледі.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: