- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 525
БАЙЗАҚ: БУРЫЛ АУЫЛЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен бес отбасыға 50 000 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен бес отбасыға 50 000 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.
Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің молдасы Ерман Өтегенұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында теннистен жарыс өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген жарыста қарсыластарына дес бермей, Абдуали қари жеңіске жетті.
Тұрар Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылы «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Спанұлы ауыл жастарын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек берді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ұранымен бастау алған қайырымдылық шарасы 10 отбасыны қамтыды. Қайырымдылық ретінде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік және бір қойдың еті таратылды.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына умрадан келген апаларымыз дастархан жайды. Дастархан басында апалар дұға жасап баталарын беріп, қасиетті мекеннен келген зәм-зәм сулары мен құрмаларын таратты. Сондай-ақ, айтысқа қатысқан апаларымызға қосымша сыйлықтар жасады.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына «Қазақ қоғамындағы әйелдер» атты семинар өтті.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Дінім, тілім-тұмарым « атты екі мешіт арасында айтыс өтті.