Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында "Батагөй қария" атты аудандық бата беру жарысы өтті.
Бата – ата-бабадан үзілмей жеткен асыл мұра. "Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ел көгереді", "Үлкеннен дүние емес, бата сұра" деген нақыл сөздер осы дәстүрдің маңызын айқындайды. Келер ұрпаққа осынау құндылықты аманат ету мақсатында ұйымдастырылған жарыс жоғары деңгейде өтті.
Жарысқа қатысқан батагөй қариялар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі