Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінің жанынан ашылған кеңес беру орталығының қызметімен танысты. Орталықтың жұмысын аудан бас имамы Қанат Әділханұлы баяндап өтті.
Кеңес беру орталығының мақсаты жас отбасыларға дін мен дәстүрді насихаттай отырып, ажырасудың алдын алу, дін мен дәстүр құндылықтарын жастарға насихаттау, халық арасында ауызбіршілікті нығайту.
Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы 2025 жыл «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып бекітілген болатын. Бұл бастама аясында еліміздегі мешіттерде отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар мен бағдарламалар ұйымдастырылып, жанұялық мәселелер бойынша кеңес беру қызметін күшейту көзделіп отыр.