- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 565
ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА "ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНДЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қасиетті Қадір түні қарсаңында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Қасиетті Қадір түні қарсаңында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында ерекше қайырымдылық шарасы өтті. Игілікке бастайтын "Тегін такси" науқаны аясында мешіттің қаржыландыруымен 6 такси қала тұрғындарына ақысыз қызмет көрсетті.
Қасиетті Құран Кәрімде «мың айдан да қайырлы» деп дәріптелген Қадір түні – исі мұсылманның сағына күтер сәті. Бұл түнгі құлшылықтың сексен үш жылға тең келетінін білмейтін мұсылман кемде-кем болар… Сол үшін де жылына бір-ақ берілетін ұлы мүмкіндікті мұсылман қауымы құр жіберіп алмай, қапысыз дайындықпен өткізуге тырысады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бүгін үш азаматқа қаржылай көмек табыстады. Қайырымдылық көмек қатерлі дертпен күресіп жүрген жандардың еміне арналды.
Қордай ауданы, Қордай ауылы, «Рахман» мешітінің ұстазы Айгул Жолдасқызының ұйымдастыруымен, Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан - кешірім мен мейірім айы» атты рухани кеш өтті.
Қордай ауданының бас имамы Егизбаев Алмуханбет Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешітіндегі Эльмира Аманқожақызының шәкірттерімен кездесті. Қасиетті Рамазан айыда ұйымдастырылған Құран жарысының арнайы қонағы болып қайтты. Бас имам жамағатқа «Құран оқу мен Құран жаттаудың екі дүниедегі пайдасы жайлы» насихат айтты.