ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бүгін үш азаматқа қаржылай көмек табыстады. Қайырымдылық көмек қатерлі дертпен күресіп жүрген жандардың еміне арналды.
Мешіт атынан берілген қаржы ДЦП, қатерлі ісік және инсульт секілді ауыр сырқаттарға шалдыққан жандардың ем-домына жұмсалады. Көмек алған азаматтар бас имамға өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Өз кезегінде Асқар Зәкіржанұлы олардың тез сауығып кетуін тілеп, шипа мен сабыр тіледі.
Бұл қайырымдылық бастамасы – мешіттің қоғамға қызмет етудегі ізгі істерінің бір көрінісі. ҚМДБ өкілдері мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі