ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА "ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНДЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА "ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНДЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді.

"Жасыл ел Тараз" ұйымының қолдауымен мешіт ауласы толық тазартылып, жасыл желектер күтімге алынды. Көшеттер ретке келтіріліп, айналаға сән беретін гүлдер отырғызылды. Сонымен қатар, мешіт аумағындағы орындықтар мен жарық шамдары жаңартылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалды.

Осындай сауапты істі атқарып жатқан аталған ұйымның қызметкерлеріне мешіт істері жөніндегі меңгеруші Халит Қожахметов су мен құрма таратты. 

Қасиетті айда ұйымдастырылған бұл бастама – жамағаттың ауызбіршілігін нығайтып, мешітке деген қамқорлықты арттырудың жарқын көрінісі. 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: