Қордай: Рамазан - кешірім мен мейірім айы

Қордай: Рамазан - кешірім мен мейірім айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылы, «Рахман» мешітінің ұстазы Айгул Жолдасқызының ұйымдастыруымен, Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан - кешірім мен мейірім айы» атты рухани кеш өтті. Кеште арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, насихаттар айтылды, «Рахман» мешіті  әжелер алқасы мүшелері «Жарамазан жырын» айттып, ойындармен жандандырылды. Ғибратты көріністер мен монологтар, әсерлі күйлер мен әндер айтылып көңіл көтерілді. Ақ дастархан басында жиналған әйел-қыздар жамағаты ауыз ашып, дұға жасады.

 «Қасиетті айда жасаған амалдарымыз, іштей-жасырын дұға-тілектеріміз Алланың құзырында қабыл болғай ! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген ниетпен көпшілік тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешіті  баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: