Қордай ауданының бас имамы Егизбаев Алмуханбет Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешітіндегі Эльмира Аманқожақызының шәкірттерімен кездесті. Қасиетті Рамазан айыда ұйымдастырылған Құран жарысының арнайы қонағы болып қайтты. Бас имам жамағатқа «Құран оқу мен Құран жаттаудың екі дүниедегі пайдасы жайлы» насихат айтты.
Құран сайысы екі номинация бойынша өтті. "Нас", "Зилзала" сүрелері аралығы мен бір сүрені мәнерлеп жатқа оқудан. Аудан бас имамы жүзден жүйрік шәкірттерді марапаттап, сыйлықтарын беріп, сертификаттарын тапсырды. Барша қатысушыларға Құран кітаптары және аудан имамы атынан кішігірім ақшалай сый берілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



31 Қаңтар 2026
12 Шаабан 1447

