- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 510
Меркі: Сыйлық сыйлау – сүннет
Меркі ауданы, Қызылсай ауылында мешіт жамағаты атынан бес уақыт намазына берік, әр қашан мешіт қызметінде жүрген Бауыржан ағамызға бір велосипед және 30 000 тг қаржылай сыйлық табысталды.
Меркі ауданы, Қызылсай ауылында мешіт жамағаты атынан бес уақыт намазына берік, әр қашан мешіт қызметінде жүрген Бауыржан ағамызға бір велосипед және 30 000 тг қаржылай сыйлық табысталды.
Шу ауданы «Төле би» мешітінде игі бастама жүзеге асты. Бір бас өгіз сойылып, оның еті ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 30 отбасыға үлестірілді. Бұл қайырымдылық шарасы – мұқтаж жандардың көңіліне медеу болып, мешіт пен жамағат арасындағы рухани байланысты нығайтты.
Шу ауданы орталық «Жәми» мешітінде орыс тілінде дәріс алатын шәкірттер арасында «Алланың 99 есімі» атты танымдық байқау ұйымдастырылды. Бұл шара жамағаттың діни білімін арттыру, рухани танымын кеңейту мақсатында өткізілді.
Шу ауданы орталық «Жәми» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ақсу ауылында Ұлы Отан соғысының 80 жылдық ардагерлеріне арналып тағзым рәсімі өтті. Қоғам өкілдері мен ауыл тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ардагерлер рухына Құран бағыштады.
Белбасар ауылында қасиетті дәстүріміз — тасаттық беріліп, ауыл халқы Алладан жауын тілеп, ел амандығын тіледі. Шараны «Хати Сауранбайұлы» мешітінің имамы Бақыт Тілемісов ұйымдастырып, ел ішінде ынтымақ пен рухани бірлікті нығайтуға мұрындық болды.