Шу ауданы орталық «Жәми» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге ару жандар ерекше белсенділікпен қатысып, ұйымшылдық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мешіттің ұжымының қолдауымен өткен бұл шарада түрлі тағамдар, тәттілер мен сусындар сатылымға қойылып, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жәрмеңкеден түскен қаражат мешіттің дәретханасын жөндеу жұмыстарына бағытталып, игі іске жарады. Бұл – жамағаттың бірігіп жасаған қайырымды қадамының нақты нәтижесі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.