Шу ауданы «Төле би» мешітінде игі бастама жүзеге асты. Бір бас өгіз сойылып, оның еті ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 30 отбасыға үлестірілді. Бұл қайырымдылық шарасы – мұқтаж жандардың көңіліне медеу болып, мешіт пен жамағат арасындағы рухани байланысты нығайтты.
Мешіт ұжымы мен жомарт жандардың қолдауымен жүзеге асқан бұл іс-шара – қоғамдағы ізгілік пен қамқорлықтың айқын көрінісі. Қайырымдылық – бірлікті бекемдейтін, жүректерді жұмсартатын үлкен сауапты амал.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қыркүйек 2026
8 Раби-сани 1448

