#Шу: «Жәми» мешітінде орыс тілдес жамағат арасында білім байқауы өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде орыс тілдес жамағат арасында білім байқауы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы орталық «Жәми» мешітінде орыс тілінде дәріс алатын шәкірттер арасында «Алланың 99 есімі» атты танымдық байқау ұйымдастырылды. Бұл шара жамағаттың діни білімін арттыру, рухани танымын кеңейту мақсатында өткізілді.

Байқауға «Жәми» мешітінен 3 топ және «Төле би» мешітінен 1 топ қатысып, білімдерін ортаға салып, ізгі бәсекеде бақ сынасты. Қатысушылар түрлі кезеңдерден өтті: сұрақ-жауап, топтық жұмыс және басқада тапсырмалар арқылы өз деңгейлерін көрсетті.

Әділ қазы алқасының нәтижесі бойынша

I орын – Құран тәжуиді кітабы,

II орын – Пайғамбар сирасы

III орын – Пайғамбарлар тарихы,

IV орын – 100 хадис жинағы,

X орын – Намаз кітаптары табыс етілді.

Байқау шәкірттердің қызығушылығын арттырып, білім жолындағы ынтасын одан әрі күшейтті. Мұндай іс-шаралар – имандылыққа бастар жолдағы маңызды баспалдақ.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: