Белбасар ауылында қасиетті дәстүріміз — тасаттық беріліп, ауыл халқы Алладан жауын тілеп, ел амандығын тіледі. Шараны «Хати Сауранбайұлы» мешітінің имамы Бақыт Тілемісов ұйымдастырып, ел ішінде ынтымақ пен рухани бірлікті нығайтуға мұрындық болды.
Ауыл тұрғындары шынайы ықыласпен жиналып, дұға жасап, құрбандық шалды. Ашық аспан астында дастархан жайылып, береке мен бірлікке бастар ақ тілек арналы ниетпен айтылды.
Бұл – ата-бабадан келе жатқан, қазақ халқының Аллаға тәу етіп, табиғатпен тілдескен ұлы дәстүрінің тірі көрінісі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.