#Шу: Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің рухына құрмет көрсетілді

#Шу: Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің рухына құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ақсу ауылында Ұлы Отан соғысының 80 жылдық ардагерлеріне арналып тағзым рәсімі өтті. Қоғам өкілдері мен ауыл тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ардагерлер рухына Құран бағыштады.

Игі шараны «Баласағұн» мешітінің молдасы Байұзақ Жаманкеевтің бастамасымен көпшілікке арналып ақ дастархан жайылып, дұға жасалды.

Жиынға ауыл ақсақалдары, ана-әжелеріміз және жастар қатысып, ел тарихын еске алып, бейбіт өмірдің бағасын ұғынды. Бұл – елдік пен ерлікке тағзым етудің, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың жарқын көрінісі болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: