МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Ақкөл ауылында жамағатқа тәңіршілдік идеологиясы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесуде ауыл имамы Амиров Сейткамал аталған идеологияның ерекшеліктері мен оның діни көзқарастарға қатысты ұстанымдары жөнінде сөз қозғап, оның ислам дініне ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндірді. Сонымен қатар, тәңіршілдікті діни сенім ретінде насихаттаудың нақты негізі жоқ.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Аққұм ауылында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастаманы ауыл имамы Абатов Дәурен қолға алып, әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасының балаларына қаржылай көмек көрсетті. Әр балаға 50 мың теңгеден, жалпы 100 мың теңге көлемінде көмек берілді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тамды ауылында халқымыздың ежелден келе жатқан «ерулік» дәстүрі жаңғырды. Ауылға жаңадан қоныс аударып келген отбасын жергілікті тұрғын әрі ауылымыздың қариясы Құралбаев Қанат ағамыз арнайы қонаққа шақырып, ақ дастархан жайып, жылы ықыластарын білдірді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қызыләуіт ауылының имамы Төсбаев Әбдіқали жамағатқа «сопылық ілімінде адасқандар» тақырыбында кең көлемді уағыз-насихат айтып өтті. Уағыз барысында сопылық ілімінің негізгі ұстанымдары мен оның исламдағы рухани тәрбиеге қатысты қырлары сөз болды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Әбдібай ата мешіті имамы Омаров Абай «дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» тақырыбында жамағатқа тағылымды насихат айтты. Абай имам исламның адамды имандылыққа, ізгілікке, сабырлылыққа және көркем мінезге тәрбиелейтінін атап өтті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әбдібай ата мешітінің имамы Омаров Абай қалалық балаларды оңалту орталығының қызметкерлерімен кездесіп, «деструктивті діни ағымдар» тақырыбында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.