Аққұм ауылында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастаманы ауыл имамы Абатов Дәурен қолға алып, әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасының балаларына қаржылай көмек көрсетті. Әр балаға 50 мың теңгеден, жалпы 100 мың теңге көлемінде көмек берілді.
Қаржылай қолдау балалардың жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен мектепке керек-жарақтарын дайындауына септігін тигізбек. Бұл бастама ел ішінде өзара көмек пен жанашырлықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Көмекке ие болған балалардың ата-аналары ауыл имамына ризашылықтарын білдіріп, көрсетілген қолдауға алғыстарын жеткізді.
Тұңғатар ата мешітінің баспасөз қызметі


24 Қыркүйек 2026
11 Раби-сани 1448

