Әбдібай ата мешітінің имамы Омаров Абай қалалық балаларды оңалту орталығының қызметкерлерімен кездесіп, «деструктивті діни ағымдар» тақырыбында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, олардың адам санасына ықпалы және қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтылды. Абай имам қазіргі таңда діни мазмұндағы ақпараттардың әлеуметтік желілерде көптеп таралатынын атап өтіп, олардың барлығын бірдей шынайы әрі дұрыс деп қабылдауға болмайтынын жеткізді.
Жалпы, деструктивті діни ағымдардың алдын алу – тек белгілі бір мекеменің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ал дұрыс діни түсінік қалыптастыру, жастар мен балаларға дұрыс бағыт-бағдар беру және ақпаратты талдай білу – жат идеологиялардың ықпалына қарсы тұрудың маңызды жолдарының бірі әрі бірегейі деп сөзін түйіндеді.
"Әбдібай ата" мешіті баспасөз қызметі


24 Қыркүйек 2026
11 Раби-сани 1448

