Тамды ауылында халқымыздың ежелден келе жатқан «ерулік» дәстүрі жаңғырды. Ауылға жаңадан қоныс аударып келген отбасын жергілікті тұрғын әрі ауылымыздың қариясы Құралбаев Қанат ағамыз арнайы қонаққа шақырып, ақ дастархан жайып, жылы ықыластарын білдірді. Қазақ халқының дәстүрінде ерулік – жаңа көшіп келген көршіге көрсетілетін құрметтің, ағайын арасындағы татулық пен сыйластықтың белгісі.
Бұл дәстүр арқылы жаңа қоныстанушыға ауыл тұрғындары өздерінің ақжарма тілегін білдіріп, ортаға тез сіңісіп кетуіне жағдай жасаған. Игі бастаманы Тамды ауылының имамы Нұрбол Мырзаханұлы ұйымдастырды. Басқосу барысында жаңа қоныстанған отбасыға ақ тілектер айтылып, ауылдың үлкендері бата берді.
"Тәңкібай ата" мешіті баспасөз қызметі.


24 Қыркүйек 2026
11 Раби-сани 1448

