Әбдібай ата мешіті имамы Омаров Абай «дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» тақырыбында жамағатқа тағылымды насихат айтты. Абай имам исламның адамды имандылыққа, ізгілікке, сабырлылыққа және көркем мінезге тәрбиелейтінін атап өтті.
Сонымен қатар діни білімді білікті мамандардан алу, әртүрлі күмәнді діни ақпараттарға ермеу және дінді бұрмаланған түсініктерден ажырата білу қажеттігі түсіндірілді. Абай имам адам баласының дінді ұстануда шектен шықпай, оның негізгі құндылықтарын дұрыс түсінуі керектігін жеткізді.
Насихат соңында жамағатты бірлік пен татулықты сақтауға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және дінді адамгершілік пен ізгілік жолында ұстануға шақырды.
Әбдібай ата мешітінің баспасөз қызметі.


29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

