Талас: Сопылық ілімінде адасқандар

Талас: Сопылық ілімінде адасқандар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызыләуіт ауылының имамы Төсбаев Әбдіқали жамағатқа «сопылық ілімінде адасқандар» тақырыбында кең көлемді уағыз-насихат айтып өтті. Уағыз барысында сопылық ілімінің негізгі ұстанымдары мен оның исламдағы рухани тәрбиеге қатысты қырлары сөз болды.

Имам сопылықты ұстанамыз деген желеумен діни түсініктерді бұрмалап, шектен шыққан түрлі топтар мен көзқарастардың қалыптасуы жөнінде айтып, жамағатқа олардың ықпалынан сақ болу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар дінді дұрыс түсінбеу адамның өзіне де, қоғамға да кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті.

Насихат соңында имам мұсылман баласын бірлік пен татулықты сақтауға, дінді дұрыс түсініп, оның адамгершілікке, ізгілікке және көркем мінезге үндейтін құндылықтарын берік ұстануға шақырды. Жиын барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, өзекті тақырып төңірегінде пікір алмасылды.

"Жаңабай сопы" мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: