Ақкөл ауылында жамағатқа тәңіршілдік идеологиясы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесуде ауыл имамы Амиров Сейткамал аталған идеологияның ерекшеліктері мен оның діни көзқарастарға қатысты ұстанымдары жөнінде сөз қозғап, оның ислам дініне ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндірді. Сонымен қатар, тәңіршілдікті діни сенім ретінде насихаттаудың нақты негізі жоқ.
Бұл бағытты ұстанушылардың исламның негізгі қағидаларын қабылдамай, керісінше ислам діні мен дін қызметкерлеріне қатысты теріс пікір білдіретін жағдайлар жиі кездесетінін айтып өтті. Сонымен қатар жамағатқа діни мәселелерде өзара құрмет пен сабырлылықты сақтау, қоғамдағы діни келісімге нұқсан келтіретін арандатушы пікірлерге ермеу қажеттігі түсіндірілді.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.



24 Қыркүйек 2026
11 Раби-сани 1448

