МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қордай ауданы бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы Қарасай ауыл тұрғындарымен кездесті. Бесін намазына жиналған жамағатқа насихат айтып, кіріп келген қасиетті Рамазан айын құлшылық-ғибадат етумен өткізуге шақырды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы қасиетті жұма күні жамағат алдында «DOKA PIZZA» кәсіпорын басшысына ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының сертификатын табыстады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қордай ауданы, Қордай ауылына арнайы шақырумен келген ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Жамбыл облысы бойынша өкілі Аблайхан Ғабитұлы және  Қордай ауданы бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы біршама кәсіпорындарды тексерістен өткізді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

"Құдайберген" мешітінде  Әжелер алқасы мектебі ашылды. Бастама мешіт ұстазы Малика Аханқызының ұйымдастыруымен болды. Әжелер төрайымы болып Жанаркул Дарменалиевна  тағайындалды. Әжелер алқасына бес апа жиналды. Әжелер алқасы  – тек әжелердің басын қосатын ұйым ғана емес, ол – халқымыздың рухани құндылықтарын ұлықтап, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосатын үлкен тәрбие мектебі.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Малика Аханқызы ұйымдастыруымен "Құдайберген" мешітінде  басқосу өтті. Құранмен ашылған отырысқа дұға жасалды. Шәкірттер монолог оқып  рамазан айымен құттықтау жеткізді. "Құдайберген" мешіті ұстазы Малика Аханқызы «Рамазан айындағы ораза, сабырдың түрлері» туралы пайдалы уағыз- насихат айтты.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Дана аталарымыздан қалған терең өсиетте «Атадан мал қалғанша,тал қалсын» делінген. Тағы  бір сөзінде қазақ атамыз «Ер адамның бір парызы – ағаш егу».  Осындай ой салатын сөздерден адам баласының қоғамға, табиғатқа пайдалы болуы орынды екенін түсінеміз. Аудандық әйел-қыздар сектор басшысы Эльмира Аманқожақызы шәкірттерімен «Рамазанда бір тал ек» жобасына қатысты.