ҚОРДАЙ: МЕДРЕСЕ ҰСТАЗЫ АҚШАМ УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

ҚОРДАЙ: МЕДРЕСЕ ҰСТАЗЫ АҚШАМ УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Боханов Ерболат Қордай жамағатына насихат айтты. Жамағатты бірлікке шақырып, жат ағым салдарынан сақтану керектігін түсіндірді. Алланың есімі ұлықталып, Пайғамбарға (с.а.у.) салауат айтылған отырысқа береке кірді.

Боханов Ерболат ұстаз Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығында білім алған. Одан ары қарай Туркия мемлекетінде дін білімін шыңдаған тәжірибелі маман.

Сұхбат соңы тыңдаушы сұрақтарына жауап беріліп, ақсақал батасымен тәмамдалды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: