Гродиково ауылы «Арынғазы» мешітінің ұстазы Малик Унгарбаевтың ақшамдағы ақида сабақтары өз жалғасын тауып жатыр. Пенденің бұл пәни дүние мен о дүниедегі жағдайы оның ұстанған ақидасына (сенім жүйесіне) байланысты. Ақидасы дұрыс болса, пенде құлшылығының арқасында адал ниетінің жемісін көреді. Ал, ақидасы бұрыс болса, тура жолдан ауытқуына бірден-бір себеп болады. Адам әуелгіде иман етпестен, қанша амал, яки қайырлы іс жасағанымен ақыретте сол амал-істерінің ешқандай пайдасы болмайды.
Адамның өмірі мен тұрмыс-жайын, өмірге көзқарасы мен әрекеттерін жүрегіндегі сенімі белгілейді. Сондықтан да шынайы, кіршікшіз бір сенімге ие болмай Алланың разылығын алатын амалдарды жасау нейғабыл нәрсеге айналады. Кәпір, мүшрік және мұнафықтардың істеген амалдарының Алла құзырында ешқандай да маңызы болмайтындығының басты себебі де осында жатыр.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі