«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Тастанбеков Дархан Сортөбе ауылындағы «Мисбахул Ислам» мешітінде насихат айтты. Екінті намазына келген жамағатқа медресе-колледж бағдарламасын таныстырып, ұлды медресеге оқуға берем, дінін танысын деген ниет болса таптырмайтын мүмкіндік екендігін түсіндірді.
Сонымен қоса мешіт жанынан қарилық курсы ашылып, ұлдарымызды Алланың тірі кәламы қари болып жетілуіне барлық жағдай жасалғандығын жеткізді. Кездесу соңы жамағаттағы абыз ақсақалдың ақ батасымен өз мәресіне жетті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі