МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

   Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Нұрбай Айтөренің ұйымдастыруымен ауыл жастарына ауызашар дастарқаны жайылды. Ораза ұстаған жастар арнайы ауызашар дастарқанына келіп, ауыз ашып, рухани уағыз тыңдап, артынан діни сұрақ жауап ойынына белсене қатысты.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

   Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Сұлтаншәріп Жәнібекұлы мешітке келуші жамағатқа «Уақып» қорын насихаттады. Уақып қорының қызметі мен атқаратын ізгі істерін тілге тиек етіп, жан-жақты толық баяндап өтті. Дініміздегі уақыптың зекет пен садақадан айырмашылығын айтып, әзілмей сауабы барып тұратын ізгі іс екенін жеткізді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Айтөре Нұрбай «Арақсыз ауыл» акциясын жүзеге асырды. Айтөре имам аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп, арақ-шарап сататын дүкен, супермаркеттерді аралап, қасиетті Рмазан айында мас қылатын ішімдіктерді сатпауға, дүкен сөрелерінен алып тастауға шақырып, үгіт-насихат жұмысын жасады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірнеше ауылдық мешіт имамдарының ұйымдастыруымен «Тегін такси» қызметі жүзеге асырылды. «Тегін такси» қызметін бастаған жастар тарауих намазына келген жамағатты үйлеріне аман-есен жеткізеді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шара өтті. Аталмыш шарада аз қамтылған 10 отбасына азық-түлік таратылды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешіт жамағатына тәңіршілдік идеологиясы туралы кең көлемді баяндама жасады. Аталмыш идеология еліміздің бірлігі мен ынтымағына сызат түсіретін әрі мұсылманшылық құндылықтарды айыптайтын пікірлерімен қауіпті деп атап өтті.