Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев, мешіт жамағатына «Пәтуа – кез- келген адамның ісі емес» атты тақырыпта түсіндірме жұмысын жүргізді. Мұсылман адам өзінің күнделікті өмірінде қажет болатын діни үкімдерді үйренуі уәжіп. Бірақ, діни сауалдарға әркім дұрыс жауап ала бермейді.
«Өзім біліп істей берейін» десе, қателікке соқтығуы мүмкін. Ал, сауалға шешім таппаса, тағы болмайды. Сонда не істеу керек?! Имам Нәуәуи «әл-Мәжмуғ» атты кітабында: «Кімде-кім бір мәселеге кез келіп қалса, оны білу (оның пәтуасын сұрау) және шешу уәжіп болады. Егер өзі тұратын жерде сондай адам табылмаса, онда алыс сапарға шығып болса да, сол мәселенің жауабын іздейді. Бұрынғы ата-бабаларымыз бір мәселе үшін де алыс жолға шығатын», – деп жазады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі