ЖАМБЫЛ: МЕШІТ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: МЕШІТ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еңбек ауылы «Әл-Қадыр» мешітінің сырты күрделі жөндеуден өткізілді. Алла үйіне құлшылыққа жиналатын дені мұсылман жамағаттың жайлы жағдайын жасап, қамтамасыз ету - жүйелі түрде жөндеу жұмыстарының жасалуынан басталады. Осыған орай құжаттамалық жоспар бойынша  маңыздылығына қарай ретімен мешіттің сыртынан бастап күрделі түрде қалпына келтіру жұмыстары іске асырылды.

Күз, қыс және жаз айларында жауын-шашын мен мұздан сақтану, жазда көлеңкелі болуы үшін мешіттің алдына биік бастырма да орнатылды. Бұл ретте санитариялық-гигиеналық нормаларды және іске асыру мерзімдерін сақтау, тиісті қаржыны тарту және оны сауатты жұмсау, сондай-ақ бақылау-бағалау қызметі де өз кезегінде жаасалды. Атсалысқан әрбір мешіт жанашырына  алғысымыз шексіз.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: