Сарысу ауданы, Байқадам ауылындағы Майлыбай мешітінде бүгінде ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл мешіт — ауылдың рухани орталығы, жамағаттың құлшылық ордасы. Жөндеу жұмыстары басталғалы бері мешіттің ішкі және сыртқы келбетін жаңарту, инженерлік жүйелерін толықтай ретке келтіру, абаттандыру шаралары қолға алынған.
Жоба аясында мешіт қабырғалары қайта өңделіп, едендер жаңартылады, жылу жүйелері жаңғыртылады. Мұның бәрі — жамағаттың құлшылықты жайлы әрі толық ыңғайлы жағдайда орындауы үшін.
Мешіттің жаңаруы — тек ғимаратты жөндеу емес, бұл — ауылдың рухани тынысын жандандыратын, жамағаттың ынтымағын арттыратын қадам. Жөндеу жұмыстарына ауыл азаматтары, кәсіпкерлер және жомарт жандар атсалысуда.
Алла Тағала осы жұмысты берекелі етіп, ойдағыдай аяқтауды нәсіп етсін. Жаңарған Майлыбай мешіті жамағатқа ұзақ жылдар қызмет ететін нұрлы орда болғай!



27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

